ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Шардара ауылы А.Әлімбетов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Ғаламтордың пайдас

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Шардара ауылы А.Әлімбетов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны», - тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Алекбаров қатысты. Кездесудің жалпы мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық мәселесін түсіндіру, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Дүниежүзілік желіде ақпарат оңай қол жетімді. Нәтижесінде бала оған арналмаған нәрсені көре алады. Мысалы, бұл зорлық-зомбылық бейнелері, қатыгездік көріністері бар фильмдер болуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор желісі білімді, соның ішінде дінді зерделеудің негізгі құралы болып табылғанымен, Ислам дінін бұрмалайтын және теріс бағытқа бағдарлайтын бірден бір жол болып отыр. Діни білімді интернеттен іздеу бұл басты қателіктердің бірі. Білім теңіз, ал оны бірден жүзіп өтемін деген адам батады. Асылында, көп тамшы бір теңізді құрайды. Қорыта келе уақытымызды ғаламтордың торына шырмалып босқа өткізбейік. Адам өзіне керекті ақпараттарды дұрыс қолдана білуі керек деп сөзін қорытындылады. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

#ҮздікАТТ
#ҮздікАТТ2025
#Үздіктеолог
#АТТісшара
#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.
Made on
Tilda