Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Б.Шомпиев, аудан прокуратурасының прокуроры С.Ашимхан, аудан полиция бөлімі, комиссия мүшелері және басқа да мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі 25 мамыр күні білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» шараларын өткізу және балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша жан-жақты мәселелер қаралып, балалар қауіпсіздігіне тікелей жауапты тараптарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды.
Яғни, жасөспірімдердің өміріне жауап беру (судан, өрттен, жолда жүру) іс-шаралары қатаң бақылауға алынып, осы мәселе бойынша ата-аналармен әртүрлі форматта тұрақты байланыстар орнату, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, ауыл ақсақалдарымен бірлесе отырып, оқушылардың заңсыз автокөлік құралдарын пайдаланбау және суға шомылуға тыйым салынған аймақтарға суға түспеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектептен тыс мекемелердегі үйірме жұмыстарын тұрақты жүргізу, сонымен қатар жаңадан ашылған сауықтыру-демалыс лагерінің аумағында демалыс маусымында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, ата-аналар арасында оқушылардың заңсыз автокөлік құралдарын пайдаланбау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу және түнгі уақытта жасөспірімдердің үй-жайлардан тыс жерлерде болуын анықтау мақсатында құрылған мобильді топ мүшелерімен бірлесіп халық көп шоғырланатын кафе, тойхана және сауықтыру кешендері мен елді мекендерде рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарлары сараланды.
Өз тілшімізден