4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдасты-руымен мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Шомпиев, ау-дандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Нұрахов, мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері қатысқан спорттық шарада Б.Шомпиев қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, командаларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Өткізілген бұл спорттық іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық рухты нығайту болып табылады. Жарысқа қала және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері, дербес бөлім қызмет-керлері белсенді түрде атсалысты.
Жалпы, жарысқа 9 команда қатысып, жоғары деңгейде тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей ретте анықталды:
Бірінші орынды Шардара ауданы әкімі аппараты, екінші орынды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ал үшінші орынды Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты командалары иеленді.
Сонымен қатар, үздік ойынымен көзге түскен қызметкерлер марапатталып, жеңімпаз командаларға дип-ломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Иса ИНАЙОВ - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.