ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көксу ауылдық округінде «Керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің зардаптары туралы», - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауылымызда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің зардаптары туралы», - тақырыбында кездесуге Ауыл әкімі Б.Кошхарбаев, ауыл билері Б.Исахов, Қ.Абдиқалықұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбілда және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауыл әкімі Б.Кошхарбаев ел ішінде теріс пиғылдағы діни ағымдардың кіріп алғаны жасырын емес. Өзге ұстанымды уағыздайтын олар ұлттық құндылықтарымызға қарсы әрекет етуге тырысады. Жат ағым – адам денесіндегі дерт іспетті. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерді дерт меңдейді. Сондықтан әр азамат дұрыс діни ақпараттармен өзінің білімін күшейтіп, дінді сенімді қайнар көздерінен үйреніп, рухани сүзгі қалыптастырса, теріс ағым ықпалынан сақтана алады деп сөзін қорытындылады.

Ауыл биі Қ.Абдиқадыр Ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінін жоққа шығару, салтымыз бен ғұрпымызды мойындамау – жат ағым өкілдерінің бойында кездесетін жағымсыз әдет. Олар салт-дәстүрімізді «бидғат» (дінге кейіннен енгізілген жаңалық) деп таниды. Ал расында Ислам әлемдік дін болғандықтан, ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрін сақтай отырып, ізгілік жолымен жүруді насихаттайды деп сөзін аяқтады.

Көксу ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбілда бүгінгі таңда қазақ жастарының арасында исламға деген қызуғышылық артып жатқандығын білеміз. Әрине бұл – қуантарлық жайт. Алайда, қазіргі жас буын шынайы мұсылманның сипаты қандай болу керек екендігінің байыбына бармай, осы мәселелер төңірегінде немқұрайлық танытуда. Итернет дамыған заманда кез келген жас буын, жастар көкейіндегі өзіне керекті ақпаратты, оның ішінде діни ақпараттарды үйренуші жастардың көбісі арнайы кітаптармен, ресми діни әдебиеттерге жүгінбейді. Осы себептен де, діни сауатсыз болғандықтан теріс діннің ықпалында кетіп жатқандарыда кездесіп жатыр деп сөзін аяқтады


Made on
Tilda