ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Марокко шегірткесін жою жұмыстары жүргізілуде

Төтенше жағдайлар
Шардара ауданында өсімдік зиянкестерімен І-топ Жаушықұм массиві, (Ветеринария мамандары мен анық-таушылар), ІІ топ Сырдария өзені («Сырдария-Түркістан» МТӨП, орман шаруашылығы мамандары) жағалауындағы орман шаруашылығы жайылымында күрес жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша шегіртке ошағын анықтау-зерттеу жұмыстарына жалпы 95 адам жұмылдырылып, бүгінгі күнге дейін 56000 гектар жерге анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 8696 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылады. Жалпы өңдеу жұмыстарына 7 техника, атап айтқанда: «Ветеринариялық қызмет» мекемесінің мамандары жабдықталған 2-УАЗ техникасы, мердігердің жабдықталған 2-Микрон автокөлігі, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мекемесінен 3 МТЗ техникасы, 44 дана аспалы ранец аппараттары қолданылуда.
Жаушықұм массивін «Ветеринария», мердігердің жабдықталған техникалары, шаруа қожалықтар жұмыл-дырылып, 20 ранец бүріккіш аппаратымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттелген жер көлемі 43000 гектарды құрайды, оның 6688 гектарына өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Көксу, Ұзыната, Алатау батыр, Сүткент, Достық ауыл округтерінде «Сырдария-Түркістан» МӨТП маман-дары мен анықтаушылар 18000 гектар жерге зерттеу жүргізіп, 2008 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына арнайы жабдықталған 3 бірлік МТЗ тракторлар, 24 бірлік аспалы ранец-бүрік-кіш аппараттары, 52 анықтаушы жұмылдырылуда. Марокко шегірткесімен күрес жұмыстары жүргізілуде. Ауданның фитосанитариялық ахуалы тұрақты.

Н.ОРАЗБАЕВ – Шардара аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы
Made on
Tilda