Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметті мемлекеттік және полиция органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді ел мүддесі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызметші мен қоғамдағы тәртіп сақшысының міндеттері сабақтас. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкер мен полиция – мемлекеттік аппараттың жұмысын алға жылжытушы кадр және мемлекеттік биліктің оң имиджін қалыптастырушы бірден-бір тұлға. Дамыған мемлекет – тиімді, нәтижелі мемлекеттік қызметтің және қоғамдық тәртіпті, ережелер мен заңдылықтарды сақтаудың негізінде құрылады.
Осы уақыттар ішінде полиция органдары қызметкерлері де биік белестерді бағындырып, өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз атқарып келеді. Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі.
Мемлекеттік қызметші мен полиция қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді, олардың мәртебесі мен абыройы – Отанға, халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Сондықтан да жаңа дәуірдегі мемлекеттік қызметші мен полиция қызметкері әрдайым парасат биігінде болуы қажет. Себебі халықтың билікке деген сенімі сіздерден бастау алады.
Бүгінгі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздегі тыныштық пен бейбіт күн баянды болсын!
Құрметпен, аудан әкімі А.Қарсыбаев
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүтәлиев