Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – тек ата-ананың ғана емес, балабақша тәрбиешілерінің де қасиетті міндеті. Ұлт болашағы саналған бүлдіршіндеріміз ұлттық тәрбиеге сусындап, төл мәдениеттің нәрімен өссе ғана рухани тұрғыда бай, парасатты азамат болып қалыптасады.
«Отан – отбасынан басталады» деген даналық сөз бар. Алайда, тәрбиенің негізгі ұстыны – балабақшадан басталатынын ұмытпаған жөн. Баланың ұлттық санасын қалыптастыруда, оны салт-дәстүрге, ата-баба мұрасына жақын етуде тәрбиешілердің рөлі зор. Қазақтың көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ сияқты ұлттық ойындары арқылы балалар қайсарлық пен ерлікке, ептілік пен тапқырлыққа тәрбиеленеді. Осындай ойындар мен танымдық сабақтар арқылы бүлдіршіндерді ұлттық мәдениетке, рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікке баулимыз.
Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің басты мақсаты – балаларды елжандылыққа, ұлттық рух пен намысты биік ұстауға баулу, ата тарихы мен салт-дәстүрін терең меңгеруге үйрету. Ана тілін қадірлеу, ұлт мұрасына жанашыр болу – бүлдіршіндер санасына ерте жастан сіңірілуі тиіс қасиеттер.
Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың төл болмысын сақтау, ұлттық ерекшеліктерін жоғалтпау – аса маңызды. Балабақшада ұлттық тәрбие берудің өзектілігі де осында. Бүлдіршіндерді рухани құндылықтарға баулып, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қадірлеуге үйрету – басты парыз. Тәрбие барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау қажет.
Балалар жас ерекшеліктеріне сай өз елінің тарихын, жерін, тілін, ата салтын қастерлеуі тиіс. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету – ұлттық тәрбиенің өзегі. Сол себепті балабақшадағы тәрбие жұмыстары балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, білімділікке, елжандылыққа бағыттауы шарт.
Белгілі ғалым, этнопедагог Серғазы Қалиев: «Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соны орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі» – деп айтқан еді. Сондықтан балабақшадағы ұлттық тәрбие жүйесінде төмендегідей негізгі құндылықтар басшылыққа алынуы тиіс.
Белсенді қарым-қатынас – тәрбиеші мен баланың ашық пікірлесуі, әр мәселе бойынша көзқарастарын еркін білдіруі.
Индивидуалдылық – әр баланың ерекшеліктерін дамытуға мүмкіндік беру, олардың бойындағы қабілеттерін ашу.
Өзіндік тәртіп – өзін-өзі бақылау, бағалау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Шыдамдылық – әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, өзгелердің ерекшеліктерін құрметтеу.
Ұлттық тәрбие – кез келген халықтың мәдени мұрасы мен рухани байлығының түпқазығы. Балабақша қабырғасында берілген ұлттық тәрбие – болашақ ұрпақтың саналы, отансүйгіш, білімді әрі тәрбиелі болып өсуінің кепілі. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды насихаттауды үздіксіз жалғастырып, бүлдіршіндерді ұлтжандылық пен парасаттылыққа баулуды басты міндетіміз деп білуіміз қажет.
САТТАРОВА Айжан Жумагулқызы – «Айлин» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі