Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудандық ақсақалдар кеңесінің құрамымен «Жат ағымдардың қоғамға кері әсері», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық», - тақырыбында кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Туребеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Нурахов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Төребеков: Теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы - халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға «сенімді дос» болуға тырысады. «Жастарға қолдау көрсетеміз» деген ұранмен жас өспірімдерге арналған спорттық жарыстар, түрлі іс - шаралар ұйымдастырады. Қамқорлықтың астарында деструктивтік бағыттағы уағыздар мен сананы улау жатады. Жастармен кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізу қажет екенін тілге тиек етті.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ - елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. ҚХА-ның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлықэтностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралық қарым - қатынасты дамытуға, сондай - ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800 - ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:
Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата - баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады. Солардың кейбірі ислам дінін әртүрлі уағыздап жүрген экстремистік ұйымдардың ықпалына түсіп қалып жатады. Діни сауаттылық болмағандықтан буыны беки қоймаған бозбалалар мен бойжеткендер арам пиғыл жандардың сөзіне ұйып, артынан ереді. «Интернеттегі, не болмаса түрлі әдебиеттердегі ақпаратты саралай білген жөн деді.
#ҮздікАТТ
#ҮздікАТТ2025
#Үздіктеолог