Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге аудандық - ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ж.Талипов қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Білім алу - табандылық пен сабырлықты қажет етеді. Сондықтан асыл дініміз білімнің артықшылғы мен маңызын ескертіп, мұсылманды білім алуға әрдайым ынталандыруда. Қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап халқымыз осы уақытқа дейін имам Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келді. Бұл олардың бірлікте болуына, адасып, түрлі жат ағымның жетегінде кетпеуіне басты себеп болды. Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі - діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Сондықтан әсіресе, жастар, жалпы ел мұсылмандары ешбір топтың жетегіне ермей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының пәтуасына жүгініп, дәрістерінен рухани азық алайық деп сөзін қорытындылады.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов: Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі - діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Оның ішінде діни сауат ашуды қалаған адам немесе көкейіндегі сұрағына жауап алғысы келген кісі діни мағлұматты интернет желілеріндегі белгісіз тұлғалардан емес, мешіт имамдарынан сұрағаны, бекітілген ұстаздардан үйренгені дұрыс екендігі жайлы түсіндірді.
Кездесу соңында спорт мектебінің жаттықтырушылары тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары дайындаған кітапшалар таратылды.
#ҮздікАТТ
#ҮздікАТТ2025
#Үздіктеолог