Шардаралықтар тағатсыздана күткен «Ақжайық» атты аквапарк аудан тұрғындарына салтанатты түрде есігін ашты. Жаңадан бой түзеген нысанның жұмысына оң бағасын берген аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев арнайы барып, ең алдымен аквапарк қызметіне ақ тілегін арнады:
–Бұл нысанның ашылуы – ауданымыздағы стандартқа сай демалыс орындарының бой түзегені айрықша жайт. «Ақжайық» аквапаркінің басшысы мен акционерлеріне инвестиция құйып, осындай керемет нысанды салғаны, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтып жатқаны үшін алғысымды айтамын. Мұндай нысандар салу ауданымызға инвестиция алып келе отырып, туризмнің де дамуына оң ықпал етеді. Орталықтың бүгінгі ресми ашылуы Балалар күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Жаздың аптап ыстығында қаламыздың тұрғындары, әсіресе балапандар шомылып, уақыттарын көңілді өткізулеріне зор мүмкіндік туып отыр. Әрқашан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жұмыс істей беріңіздер. Жалпы Шардара еліміздегі теңіз жағасында орналасқан ерекше қала. Сондықтан қалада демалыс орындарының көп болуы заңдылық. Болашақта бұл жердің қызығын тек шардаралықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтар көріп, демалуға келеді деп сенемін! – деді аудан басшысы. Жаңа нысанның лентасын Арман Қарсыбаев пен бір топ еңбек ардагерлері салтанатты түрде қиды. Одан соң аудан әкімі аквапарктың техникалық мүмкіндіктерімен танысты. «Ақжайық» демалыс кешенінің техникалық директоры Бекет Қадырдың айтуынша жоба құны –120 миллион теңге. Аквапаркте бассейн де, сырғанақ та орын тепкен. Аквапарктен жүзіп келіп түсетін бассейннің тереңдігі 1,4 метрді құраса, екінші бассейн балақайлардың еншісіне тимек. Балалар бассейнінің тереңдігі 0,8 метрге жетсе, ересектерге арналған бассейннің тереңдігі 1,5 метр. Аталмыш бассейндер автоматты түрде тазартылып, жылытылып тұрады.
Бота Нұрполатқызы