Карюгина Марина Леонидовна – Шардара қаласында туылған. М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің түлегі. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын «География-биология» мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстан Республикасы педагогтер қоғамы» республикалық қоғамдастығының мүшесі. Шардара ауданының Құрметті азаматы. М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі 39 жыл.
Адам бойындағы қабілет өсе келе ашылып, бір нәрсеге қызығып, бейімделе бастап, алдына бір мақсат қойып соған жетуге талпыныс жасайтыны рас. Марина да жоғарғы сыныптарға келгенде мектептегі ұстаздарына еліктеп ұстаз болсам, балалармен жұмыс жасасам деген ой түйді. Келешекте ұстаз боламын деп шешті.
Мектеп пен жоғарғы оқу орнын бітірген соң қолына дипломын алып өзі оқып, түлеп ұшқан мектебіне мұғалім болып оралды. Мектеп директоры Зибирьева Любовь Ивановна қуана қарсы алып, қамқорлық көрсетіп, өзінің көп жылғы іс-тәжірибесін үйретті. Соның нәтижесінде санаулы жылдар ішінде білікті ұстаздардың қатарына қосылды. Ұстазының өнегелі істерін өзіне үлгі етіп алған ол үнемі ізденісте болды. Өзіне сара жол іздеді. Білімін, біліктілігін арттырды. Авторлық оқу бағдарламаларын жасады.
Марина Леонидовна 10-11 сынып оқушыларына арналған «Рекреациялық география», «Қазақстанның киелі географиясы», «География, тарих, өнер- қиылыстар мен өзара іс-қимыл» және «Картография» оқу құралдарының авторы. 7-9 сыныптарға арналған география пәні бойынша әдістемелік құралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінде бекітілген. Еңбектері қазақ тіліне аударылуда.
Марина сонымен қатар оқушыларын да назарынан тыс қалдырмай, оларға көп көңілін бөледі. Үлкен жауапкершілікпен айналысатын жұмысына қарамастан бес жылдан бері сынып жетекшілігін де қоса атқарады. Оның оқушылары әртүрлі іс-шараларға, байқаулар мен конкурс, олимпиадаларға белсенді түрде қатысады. Ким Сергей география пәні олимпиадасының аудандық кезеңінде бірінші, облыстық кезеңінде үшінші орын алса, Ли Юля облыстық кезеңінде бірінші орынды иеленді. Ал, биыл аудандық олимпиадада Айтбай Сандуғаш екінші орынның, Кольцов Владимир үшінші орынның жеңімпаздары болды.
Ауданда өткізілетін үлкен іс-шараларда Никонорова Ульяна, Қайратқызы Азиза, Кан Аружан, Даниленко Максим, Андрейчук Ангелина, Обиджанова Жасмина секілді оқушылары, қатарлас Момбекова Тойгүл жетекшілік ететін қазақ сыныбының Айзада мен Ханзада Ғани қыздары және ағайынды Нұрайым, Айсу, Ақерке Сәрсенбайқыздарымен бірге «Орыс биін», Даниленко Снежана, Қайратқызы Азиза, Обиджанова Жасмина, Асан Медина, Сарманова Дамира мен Ерланова Аянаттар «Корей биін» билеп өнерпаз екендіктерін көрсетіп жүр. Оларға ата-аналары демеушілік көрсетіп, қажетті бишілер киімдерімен қамтамасыз еткен.
Марина Леонидовна кәсіби конкурстар мен пәндік олимпиадаларға өзі де белсенді қатысады. Мақалалары мен жұмыстарын жариялай отырып, республикалық және халықаралық деңгейде өз тәжірибесімен бөліседі, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. «Үздік педагог» республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін медальмен және сыйлықпен марапатталған. «Ұстаз» орденімен, «Құрметті ұстаз», «Үздік орынбасар», «Шардара ауданына 55 жыл», Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарының, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатының иегері.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей бойындағы бар білімі мен біліктілігін сарқа жұмсап, оқушыларын білім нәрімен сусындатып оқушыларының, мектеп ұжымының құрметіне бөленіп жүрген Марина Леонидовнаға алдағы кезде де жетістіктеріңіз көбейе берсін дейміз.