ШАРТАРАП ШАРАЙНА

А.ҚАРСЫБАЕВ: «ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ– ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУ КІЛТІ»

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алатау батыр және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтеріне барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған кәсіптік нысандарды аралады.
Тарқатып айтсақ, Алатау батыр ауылдық округіндегі «Ерлан» наубайханасы 2,5 пайыздық 6 млн теңге несие алып, нан және тәтті күлшелер шығаратын аппараттар алған. Өнімдерін көршілес ауылдық округтерге дейін тапсырыспен өткізуде. Сондай-ақ, Алатау батыр ауылдық округіндегі жиһаз өндірісімен айналысатын «Спатаев» цехына барып, жұмысымен танысты. Жиһаз цехының жетекшісі Тұңғышбай Тілеубердіұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие арқылы кәсібін жандандырып, 10 адамды жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді.
Аудан әкімі жиһаз аппараттарының мүмкіндік-терін көзбен көріп, кәсіпкерге мемлекет тарапынан әрқашан қолдау білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі «Әлібай» шаруа қожалығына барып, тоғанды балық өсіру жұмыстарымен танысты. Шаруа қожалығы аталмыш бағдарлама аясында 2,5 пайызбен 11 млн. теңге қаражат алып, 6 гектар аумаққа балық шабақтарын өсіруде.
Арман Романұлы әр кәсіпкерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар бойынша сөз қозғап, халық-тың әл-ауқатын көтеретін өндіріс орындарын көптеп ашудың мән-маңызын түсіндіріп өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda