Қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселелер өте көп. Қоғамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарауға болмайды. «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, мектеп жасындағы балалар да қоршаған ортаға қамқор болып, әлеуметтік мәселелерге өзінше ой қорыта алғаны дұрыс.
Мектебіміздегі «Дебат» үйірмесі жаңалыққа құштарлықтың даму көзі. Үйірме қоғамдағы сананы қалыптастырып, ұйқыдағы ойды оятады.
Дебат – белсенді жастардың да өз орнын табуы үшін аса қажет жарқын, зияткерлік ойын көрінісі. Ол оқушыларды жауапкершілікпен шешім қабылдауға дайындайды. Бұл үйірме сонымен қатар, логикалық және сыни тұрғыдан ойлаудың дамуына мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілікті және ел алдында сөйлей білуді үйретеді.
Біздің мектепте «Дебат» үйірмесіне 8,9,10 сыныптардан іріктеліп 24 оқушы қамтылған. Үйірмеге қамтылған оқушыларымның арасынан Сапаралиева Әсемгүл, Сапарбек Самал, Әліқұл Әсел, Бейсен Құралай, Жаманхан Шәмші, Анықбек Мерейлім, Құрманбай Сабина, Қалдарбек Балмекен, Мұхтархан Мерей, Алдамұрат Нұрила аудандық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарға ие болып келді. Мектептепшілік іс-шараларда дебатта ойын көрсетіп, атсалысып, еліміздегі түрлі мәселелерді қозғап, белсенді патриот ретінде өз ойларын еркін айтып жүр.
Менің мақсатым да осы, яғни оқушылардың қисынды, риторика мен шешендік дағдысын және сөйлеу шеберлігін ұштау, ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауын дамыту. Ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін өзгеге жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға етіп қалыптастыру. Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастардың жаңа буынының қалыптасуына ықпал ету.
Бекмурзаев Тұрысбек Екиаевич –
«Қоссейіт» жалпы білім беретін мектебінің
«Дебат» үйірмесінің жетекшісі