ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында мектеп оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында мектеп оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің директоры М.Мусабеков қатысты.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсеткісі келетінін айтып өтті. Кездесу барысында, қазіргі кезде адам санасын, жалпы қоғамымызды улап жатқан діни ағымдар туралы, олардың өмірге қаншалықты зиян келтіретін қисапсыз түрлері бар екені айтылды. Оқушыларға елді адастырып, қатерге бастайтын діни ағымдар туралы мәлімет беріле отырып, одан аулақ болудың жолдары нақтыланды. Әлеуметтік желідегі жалған діни топтар мен деструктивті идеологияны насихаттаушы парақшалардың айла-тәсілдері, іс - әрекеттері және де қолдануға болмайтын, бұғатталған сайттар жайында да ұтқыр мысалдар келтірілді. Кездесу барысында алдап - арбаушылардың іс - әрекеттері туралы түсіндірілді.
Made on
Tilda