Мен үшін ұстаздық – жай ғана кәсіп емес, жүрек қалауым, өмірлік миссиям болды. Бала күннен армандаған 55 жыл бойы білім саласында еңбек етіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелегенімді үлкен бақыт сезінемін. Бұл жолда мен тек білім ғана беріп қоймай, шәкірттеріме адамгершілік, ізгілік, патриоттық тәрбие беру жолында бар күш-жігерімді жұмсадым. Өзімнің өмір жолым мен еңбек жолым осы ауданмен тығыз байланыста болды.
Мен Алматы қаласындағы Абай атындағы №278 орта мектепті, 1958 жылы алтын медальмен тәмамдадым. Ол кезде жоғары оқу орнына түсу үшін екі жылдық еңбек өтілі қажет болатын. Сондықтан ұстаздық жолымды аға тәлімгер және бастауыш сынып мұғалімі болып бастауыма тура келді.
1960 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) механика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1965 жылы «Үлгілі дипломмен» үздік аяқтадым. Дәл сол жылы өмірлік серігім, болашақ жары Пайызхан Төлешевпен шаңырақ көтеріп, ұстаздық еңбек жолымызды бірге бастадық.
Алғашқы қызметімді 1965-1967 жылдары Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Сарыжаз» мектебінде атқардым. Бірақ еліміздің ең перспективалы өңірлерінің бірі – Шардараға аттану туралы шешім қабылдап, осында тұрақтадық.
1967 жылдың 27 мамырында Алматы білім басқармасынан жолдама алып, өмірлік жарыммен бірге Шардараға келіп қоныстандым. Жаңадан дамып келе жатқан өңірде үлкен білім ордасын қалыптастыру – менің басты мақсатым болды.
Алғашқы еңбек жолымды «Кешкі жұмысшы жастар мектебінде» оқу ісінің меңгерушісі болып бастадым. Ал 1979 жылы жаңа мектептің құрылысы аяқталып, «Шардара қазақ орта мектебі» жаңа ғимаратқа көшкенде, маған директорлық қызмет ұсынылды. Осылайша 23 жыл (1979-2002) бойы осы жауапты міндетті абыроймен атқардым.
Мен үшін мектеп – тек білім ордасы ғана емес, тәрбие мен мәдениеттің алтын бесігі болды. Ұстаздар-дың тек біліміне ғана емес, сөйлеу мәнеріне, жазу каллиграфиясына, шәкіртке деген ықыласына ерекше мән бердім. Себебі ұстаздың әрбір сөзі мен ісі шәкірттің болашағына тікелей әсер етеді деп сендім.
Мектепті басқарған жылдары көптеген жаңашылдықтар енгізіліп, сапалы білім беру ісі жолға қойылды. Шардара қазақ орта мектебі облыстық, республикалық деңгейде үздік мектептердің қатарынан көріне бастады. Сол жылдары түлеп ұшқан шәкірттерім еліміздің түкпір-түкпірінде, тіпті шетелдерде абыройлы қызмет атқарып жүр.
Ұстаздық жолымда менің мақсатым – білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол, елін сүйетін азаматтар тәрбиелеу болды. Осы жолда аянбай еңбек етіп «Құрмет» орденінің иегері, «Шардара ауданының Құрметті азаматы», Ы.Алтынсарин атындағы медальдің, «Елеулі еңбегі үшін» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдерінің, «Ұлағат» төсбелгісінің иегері атандым.
Шардара – тарихы терең, болашағы жарқын мекен. Біздің береке-бірлігіміздің, еңбекқорлығымыздың арқасында бұл аймақ одан әрі дами бермек.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді туған өлкеміз – Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – біздің ортақ тарихымыздың, еңбегіміздің, бірлігіміздің көрінісі.
Баршаңызды мерейтоймен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, мол табыс, отбастарыңызға шаттық пен амандық тілеймін. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мығым болсын! Шардарамыз гүлденіп, өркендей берсін!
Құрметпен,
ТӨЛЕШОВА Жамал Өтегенқызы – ардагер ұстаз, «Шардара ауданының Құрметті азаматы».