Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті.
Оқушылардың білімді, жан-жақты болуға баулу, білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту, көшбасшылық қабілеттерін ояту, дарынды, озық болуға тәрбиелеу мақсатында өткен білім сайысына 9-10-11 сынып оқушылары қатысты.
– Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар сайыстың «Бәйге», «Блиц сұрақ», «Көкпар», «Дода» атты кезеңдерінде зияткерлік қабілеттерін танытып, білімдерін шыңдады. Әр кезеңде сайыс тапсырмасы қиындай түсіп, оқушылардың білімдері сыналып, ұпайы аз екі оқушы сайыстан шегеріліп отырды.
Әділқазылар, сайыс барысында білімі ұшқыр, ойы терең оқушыларды анықтады. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды 11 “Ә” сынып оқушысы Сахи Мұхаммед, ІІ орынды 10 “А” сынып оқушысы Абитхан Ұлдана, ІІІ орынды 9 “А” сынып оқушысы Төлбасы Дамира жеңіп алды.
Мектепте осындай оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыратын шаралар алдағы уақытта да өткізілмек.
С.Ж.ДЕМЕУОВА, Ж.А.ОМАРОВА–
Б.Соқпақбаев ЖББ мектебінің МИФ бірлестігінің мұғалімдері