ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Мемлекет және мен

Мемлекеттің дамуы – әр азаматтың жауапкершілігімен тығыз байланысты
Бүгінгі күнде «Мемлекет» ұғымы – жай ғана басқару аппараты ғана емес, әрбір азаматтың өмірімен, ты-ныс-тіршілігімен тығыз байланысты үлкен құрылым. Мемлекет – біз үшін бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, құқық пен бостандықтың кепілі. Ал біз – сол мемлекеттің тірегі, дамуы мен гүлденуінің негізгі қозғаушы күші саналатын халықпыз.
Қазақстан – көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Еліміз тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда орасан жетістіктерге жетті. Мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, білім мен ғылымға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғауға, жастар саясатына ерекше мән беріп келеді. Ал бұл – әрбір азаматтың өмір сапасына тікелей әсер ететін факторлар. Мен – осы мемлекеттің тең құқылы азаматы ретінде елімнің өркендеуі үшін өз үлесімді қоса аламын және қосуға міндеттімін. Әрбіріміз заңға бағынсақ, адал еңбек етсек, ортақ құндылықтарды құрмет-тесек, еліміздің болашағы жарқын болары анық. Мемлекеттің дамуы – тек Үкімет пен басшылардың ғана емес, қарапайым халықтың белсенділігіне де байланысты.
Мысалы, мен өз елімнің азаматшасы ретінде салық төлеймін, заңға бағына отырып қоғамда тәртіп сақ-тауға атсалысамын, дауыс беру құқығым арқылы елімнің болашағына әсер ете аламын. Бұл – менің мем-лекеттің дамуына қосқан шағын болса да, маңызды үлесім.
Сонымен қатар, білім алу, шығармашылықпен айналысу, волонтерлік қызмет көрсету, экологиялық баста-маларға қатысу – мұның бәрі де елге, мемлекетке қызмет етудің бір жолы. Мемлекет бізге барлық жағдайды жасайды, ал біз сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел игілігі үшін еңбек етуге тиіспіз.
Мемлекет пен халық – егіз ұғым. Мемлекеттің қуаты – халықтың бірлігінде, ал халықтың бақыты – мемлекет ұсынған бейбіт өмір мен тұрақты дамуында.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda