Сальмонеллез – бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жедел жұқпалы ауру. Инфекцияның қоздырғыштары сальмонеллалар тұқымдасына жататын микроорганизмдер болып табылады. Инфекция көзі ауру адам немесе үй жануарлары, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар болып табылады.
Адам инфекцияны науқаспен байланыста болған кезде немесе сальмонелламен залалданған тағамдарды тұтыну кезде (негізінен жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер мен жемістер) жұқтырады. Бала үшін көбінесе инфекция көзі оған қамқорлық жасайтын және тағам дайындайтын анасы болуы мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 3 күнге дейінгі уақытты құрайды. Сальмонеллездің клиникалық белгілері іштің қатты ауырсынуымен, дене қызуының көтерілуімен, іш өтумен, жүрек айнуымен және құсумен сипатталады.
Өзіңізді сальмонеллезден қалай
қорғауға болады?
1. Дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;
2. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттарын қатаң сақтаңыз;
3. Шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз;
4. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет, ет өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, сүт өнімдерін сатып алмаңыз;
5. Жартылай шикі тағамдарды жеуге болмайды, ет тағамдары мен құс тағамдарын дайындау кезінде температура режимін сақтаңыз;
6. Дүкеннен әкелгеннен кейін жемістерді, көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды, сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды судың астында мұқият жуыңыз;
7. Ас үй ыдыстарын мұқият жуып, қайнаған суға батырыңыз.
Балалар арасында, әсіресе өмірінің бірінші жылында аурудың алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте, аналар дәрігерлердің балаларды күту және тамақтандыру жөніндегі ұсынымдарын мүлтіксіз орындауы керек, жеке гигиена ережелерін сақтауға, емізікті, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты және басқа да тұрмыстық заттарды дұрыс өңдеуге назар аударуы қажет.
Аралас және жасанды тамақтандырылатын 2 жасқа дейінгі балаларды алдын ала термиялық өңделген жеке бөтелкеден тамақтандыру қажет. Емізіктерді таза ұстау, зарарсыздандыру және арнайы ыдыста сақтау керек, ересектердің емізіктерді ауызға салуына қатаң тыйым салынады. Дайын қоспаларды пісіргеннен кейін бірден қолдану қажет, қоспалардың, пюренің және басқа да дайын тамақ өнімдерінің қалдықтарын қайта пайдалану үшін сақтауға қалдыруға болмайды.
Ауданымыздың эпидемиолог дәрігері ретінде сальмонеллездің белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін еске саламын!
А.ҚҰДАЙБЕРГЕН,
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы эпидемиологиялық
бақылау бөлімінің бас маманы.