Медицина саласындағы игі бастамаларды басшылыққа алып, медицинаның жаңа жетістіктерін өз қызметімізде пайдалана отырып, Ұлу жылын мол жетістіктерімізбен қорытындылап отырмыз.
«Шардара аудандық орталық ауруханасында» бала күтімі демалысындағыларды қоса алғанда 124 дәрігер, 552 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Кадр айналымы – 5,4 % . 10 мың халыққа шаққанда дәрігерлердің қамтылуы -15,3%, орта буын медицина қызметкерлері -70,3%, . Жалпы кадрлармен қамтылуы – 94,4%. Жылдан жылға маман тапшылығы азайып келеді. Қазіргі таңда жалпы тәжірибелі дәрігерлер саны толығуда. Соңғы 5 жыл көлемінде мамандар тапшылығы өткір мәселеден алынып келеді. Ауылды жерлерге жалпы тәжірибелі дәрігерлер, қалаға акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, ультра дыбысты зерттеу дәрігері, пульмонолог, нейрохирург, компьютерлік томография дәрігері, жалпы тәжірибелі дәрігерлер, терапевтер келуде. Салыстырмалы түрде алатын болсақ 5 жылда 54 маман келген. 2024 жылы бітіруші неонатолог, балалар неврологы, офтольмологпен толықты.
Маман тапшылығын азайту мақсатында жетіспеген мамандар 2019 жылдан бері 3 жақты келісім шарт арқылы Резидентура бағдарламасымен оқытылып, невропатолог, нейрохирург, сәулелі диагностика, инфекционист, офтольмолог, отороларинголог, анестезиолог-реаниматолог, балалар хирургі мамандарымен толықты.
2023 жылы Радиолог-маман, инфекционист, анестезиолог-реаниматолог бітіріп келді. 2025 жылы балалар хирургі, акушер-гинеколог келеді.
2018-2023 жылы көптеген дәрігерлер шетелдерде біліктіліктерін арттырып келді. Оның ішінде анестезиолог-реанимтолог Т.Г.Ким Кореяда, травмтолог Қ.Т.Құлбаба Курганда, Новособирскіге инфекционист Б.М.Ахметов, балалар дәрігері Т.С.Мамедова, невропатолог.У.А.Исаева, патологанатом Т.Д.Абуов, акушер-гинекологтар А.Т.Альменова, А.Т.Халикова, Р.Ж.Кошенова, орынбасарларым Н.С.Молдаханов, Н.А.Нусеров, кардиолог Д.Б.Кайназаров Ташкент қаласында әрқайсысы өз саласы бойынша шыңдалып келді.
Астана қаласында 2023 жылы «Қазақ дерматологиясы және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында» терапевтер, дерматолог, акушер-гинекологтар, Астана қаласында аймақтық және жалпы тәжірибелік көмек көрстеу бөлімінің меңгерушісі А.С.Тажибикеева, онколог-хирург Ж.Б.Бахытова, дәрігер, балалар кеңесінің меңгерушісі, педиатр Г.Толесбаева 3 айлық сертификаттау курсынан «Балалар неврологиясы» бойынша қайта мамандандырылудан өтіп келді.
Алматы, Шымкент қалаларында Резидентурада мамандарды оқытып жатырмыз. Балалар неонатологы, балалар хирургі, балалар невропатологы, көз дәрігері, УЗИ, Рентген, КТ мамандығы бойынша дәрігерлер әр салада 2-3 жыл көлемінде оқып мамандықтарын жетілдіріп келіп, тамыз айынан бастап жұмысын жалғастырды. Биылғы жылы көз дәрігері, балалар неонатологы бітіреді. 2025 жылы балалар хирургі, балалар невропатологы бітіреді.Сонымен жетіспейтін мамандар тапшылығы жойылып, 2025 жылы толыққанды болып жұмыс атқарамыз деген үміттеміз.
Алдағы уақытта анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, терапевт, педиатр, құлақ-мұрын дәрігері мамандығын алып келген жас мамандарды Резидентураға әр саласы бойынша 2- 3 жыл көлемінде оқытамыз.
Биылғы жылы емдеу ісі бойынша да бірқатар жаңалықтар енгізілді. Атап айтқанда инсульт алған (бас миына қан кеткен) науқастарға нейрохирургиялық оталар жасалды және нейрохирургиялық операциялардан кейінгі бас сүйегінде қалған дефектіні пластика жасау отасы енгізілді.
Лапароскопиялық хирургия саласы даму үстінде. Ешқандай тілік жасалмай арнайы құрылғылар арқылы өт-тас ауруларын, жатырдан тыс жүктілік, аналық безі кисталарына ота жасалуда.
Сонымен қатар эндоскопиялық операциялар да қолға алынуда. Өңештің кеңейген варикозды тамырларын байлау, асқазандағы, тоқ ішектегі қатерсіз ісіктерді (полип) эндоскопиялық жолмен алу, асқазан, 12 елі ішек ойық жараларынан қан кетуі кезде эндоскопиялық әдіспен қан тоқтату оталары енгізілді.
Қалалық емханаға жапсарлас салынған қосымша ғимарат беріліп, үздің тәжірибелік орталығы ашылды. Сонымен қатар, емханада келген науқастарға экстремалдық шұғыл көмек көрсету кабинеті ашылып, ЭКГ монитор дефибрилятор құралдарымен жабдықталды. Ерлер кабинеті ашылып, қатерлі ісіктердің алдын-алу, алғашқы сатыда анықтау мақсатындағы жұмыстар атқарылуда.
Емханада күрделі медициналық құрылғылар цифрлы рентген, ультрадыбыстық зерттеу апараттары, заманауи автоматтандырылған зертханалық қондырғылар, видеоколоноскоп және гастроскоп аппараттары ел игілігіне қызмет етуде. Сонымен қатар консультативтік диагностикалық бөлім, учаскелік қызмет бөлімі, амбулаториялық хирургия бөлімі, балалар және әйелдер кеңесі бөлімшелері дербес бөлімше есебінде қайта жасақталып, меңгерушілері мен аға мейірбикелер қайта тағайындалды.
Электроэнцефалография кабинеті ашылып науқастарға диагностикалық шаралар жүргізілуде. Зерттеудің негізгі пайдасы эпилепсиямен есепте тұратын немесе эпилепсияға күдік туғызған науқастарға нақты диагноз қоюда.
Жатыр мойны патологиясы кабинеті ашылды. Заманауи Видеокольпоскоп аппараты іске қосылып, әйелдердегі жатыр мойны жараларын емдеуде көмегі көп тиюде. Ол өз кезегінде қатерлі ісіктің алдын алуға септігін тигізеді.
Спирограф аппаратымен өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында, бронхиальды астмамен сырқаттанатын науқастардағы өкпенің негізігі функциясын зерттеуге пайдаланылады.
Сонымен қатар 2024 жылы ауруханамызда іске қосылған компьютерлік томография аппаратында контрасттық затты енгізе отырып зерттеу әдісі іске қосылды. Аталған зерттеу көмегімен қатерлі ісіктер мен басқа да патологиялардың нақты орналасқан жері, оның көлемі мен қантамырлармен қамтамасыз етілген аймақтарын анықтауға мүмкіншілік туындады.
Созылмалы бүйрек жетімсіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұратын науқастар үшін Гемодиализ орталығы ашылды. Орталық BBNura компаниясының тікелей қолдауымен іске қосылды. Ауданның шалғайлығына байланысты гемодиализ орталығын ашу тиімсіз болып есептелген. Аудан науқастары көрші аудандандарға, Шымкент қаласына барып ем алуға мәжбүр болғандықтан аталған мәселе күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі таңда орталықта 18 науқас ем алуда.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына, соның ішінде біздің Шардара аудандық орталық ауруханасына 3 жедел жәрдем автокөлігі табысталды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, дәрігерлерді, облыс тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады. Жаңадан тапсырылған «Hyundai i30» маркалы санитарлық автокөліктері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Автокөліктер IV-жеделділік санатында қызмет көрсететін жедел медициналық жәрдем бригадаларына берілді.
Жыл сайын тамыз айында орталық емханамыз "СҮНДЕТТЕУ" қайырымдылық акциясы өткізеді. Бұл шараның ашылу салтанатында орталық мешіттің бас имамы Құран оқып, балаларға ақ батасын берді. Жалпы іс-шарада 150-ге жуық бала сүндеттеліп, ауданымыздың тәжірибелі, білікті хирург дәрігерлерімен бірге орта буынды мейіргерлері және кіші буынды медицина қызметкерлері қатысып "Скальпелдік және Лазерлік" әдіспен көмек көрсетті.
Сонымен қатар ай сайын арнайы тақырыптарда «Қатерлі ісіктің алдын алу», «Сүт безі обырының алдын алу», «26-маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні», «Дүниежүзілік демікпе мен аллергияға қарсы күрес күні», «Психикалық саулықтың алдын алу мен жастар денсаулығы», «Дүниежүзілік жүрек күні», «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» және тағы басқа тақырыптарда халыққа кеңінен насихаттау барысында Ашық есік күндері өткізіп, тегін медициналық көмек көрсетіліп, арнайы тақырыпта ақпараттық-танымдық материалдар тарқатылды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жатыр мойны обырына қарсы онкологиялық қызмет бағдарламасының негізгі мақсаты – 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау арқылы мойын обырынан қорғау. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған 9-14 жастағы қыздарды вакцинациямен жоғары қамтуды қамтамасыз ету міндетіне қаражат салу осы мақсатқа жету үшін ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.
25 қазан – Республика күніне орай, орталық аурухана әкімшілігі және АХАЖ бөлімімен бірге осы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерге және аналарына сыйлықтар таратып, мерекелік тілек лебіздерін білдірді. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Тажбикеева мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, кәсіподақ ұйымы тарапынан мекеменің көп балалы аналарына, көп уақыттан бері созылмалы аурумен ауыратын қызметкерлерге және мүгедек балалары бар қызметкерлерге азық-түлік себеттерін тапсырдық.
Жалпы алғанда биылғы жылы аудандағы медицина саласының қызметкерлері халықтың денсаулығын сақтауда ауқымды шаралар атқарылды. Ол әрине бірлігіміз бен ұйымшылдығымыздың нәтижесі деп білемін. Бұл жұмыстар алдағы жылда да жетілдіріп, талапқа сай атқарыла береді.
Келіп жеткен Жаңа-Жылан жылымен барша аудан халқы мен медицина сапасы қызметкерлерін құттықтап, атқарып жүрген жұмыстарында мол жетістіктер, отбасыларында қуаныш тілеймін.
СЕЙІТХАНОВ
Мұхидин Әбуұлы –
Шардара аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері