ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жас шекарашылар- елдің болашақ қорғаны

ҚР қарулы күштері
Қаладағы жастарға кәсіптік білім беретін №16 колледжде Ауған соғысының ардагерлері – отставкадағы майор Сәтбаев Қылышбек пен «Жас шекарашы» әскери патриоттық клубының төрағасы Әлиасқар Шералиев және колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Жас шекарашылар – елдің болашағы» атты іс-шара өтті.
Колледждің мәжіліс залына Халық Қаһарманы, соғыс және Еңбек ардагері Мәулен Қалмырзаев атындағы «Жас шекарашы» әскерипатриоттық клубының Туы келтіріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалып, Халық Қаһарманы жайлы бейнебаян көрсетілгеннен кейін алғашқы сөз кезегі «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлына берілді.
– Бүгін, міне, Мәулен ағамыздың еңбек жолы колледж студенттеріне дәріптеліп отыр. Ондағы мақсат ол кісінің ерлігін, еңбексүйгіштігін, патриоттығын жастарға өнеге ету. Ағамыз әскер қатарында, соғыста бес жыл ерлік көрсетіп, елімізді қоғаған болса ендігі кезекте елді, шекараны қорғау баршаның, оның ішінде жастарымыздың азаматтық міндеті, – деген Ережеп Құдайбергенұлы «Жас шекарашылар» әскери – патриоттық клубы мүшелеріне жетістіктер тіледі. Қала әкімінің орынбасары Бөгенбай Сүйет те жастардың әскерге барудан қашқақтайтынын атап өтіп, «Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан қай істе болса да жастарымыз алда болуы, шекараны берік күзетуге атсалысуы керек» деді.
Кездесуде Халық Қаһарманы, соғыс және еңбек ардагерінің ұлы, Шардара ауданының Құрметті азаматы Бәкір Қалмырзаев әкесі туралы тың естелік ретінде соғыста жаудың үш танкісімен шайқасқанын, нәти-жесінде аяғын танкі басып, госпиталға түсіп, елге оралған соң да басшылық қызметте болып, қызмет атқарғанын атап өтті.
– Әкеміз ел үшін адал еңбек еткен кісі. Таң атқанда кетіп, түннің бір уағында келетін. Сол еңбегінің ар-қасында абырой жинап, атаққа кенел-ді. Әкем маған өзінің үш ақылын айтты. Бірінші өтірік айтпауды, өтірік айтсаң ертең алдыңнан шығатынын, екінші шақырылған жерге уақтылы баруды, үшінші қырық жасқа дейін адал қызмет істеуді айтты. Бұл қырық жаста ақылың толып, ары қарай не істеу керектігін өзің шешіп аласың дегені болуы керек. Мен соны жасадым. Мына жастарға да соны айтып отырмын. Отанды, тілімізді қадір-леңдер. Әкемнің әкесі бай болып ұсталып, туысқандары қашып кетіп, анасы екеуі колхозда масақ терген. Осылайша адал еңбегімен он бір жасында «стахановшы» атағын алған. Бұл еңбекшілерге берілетін жоғарғы атақ болған. Сендер де жас емессіңдер. Колледжді бітіріп, мамандық алған соң адал еңбек етіп, елге пайдаларыңды тигізіңдер, – деді Бәкір Мәуленұлы.
Келесі кезекте сөзге шыққан Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор Қылышбек Сәтбаев, «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық клубының төрағасы Әлиасқар Шералиев, Мырзакент шекара бас-қармасы бастығының орынбасары, подполковник Жандос Байтұров, құрметті ұстаз, Мақтаарал ауданын-дағы №90 мектептің «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының төрағасы Жайлыбай Пірманов, Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Зарипов Зирак, Жусипов Рысмағанбет, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Асылхан Данияров және Майқала шағын ауданының биі Таңсықбай Саховтар Халық Қаһарманы Мәулен Қалмырзаев туралы естеліктер айтып, колледж студенттеріне, яғни болашақ Отан қорғаушылардың еліміздің патриоттары болуына тілектестіктерін білдірді. Сол сияқты колледж сту-денттері «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубына мүшелікке өтіп, ант қабылдады.
Шара барысында Оралбай Мейрамбек «Алға, Қазақстан!», Айдар Алмұрат «Жаса, қазағым!» әндерін орындап, студенттер «Катюша», «Батырлар биін» билеп, патриоттық көріністер көрсетті.
“Кездесуді қорытындылаған Әлиасқар Шералиев шараға қатысып, естеліктер айтқан ардагерлер мен ұйымдастырушы колледж студенттері мен колледж директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары Жаулибаева Венера Абилқасымқызына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына жетістіктер тіледі.

Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ
Made on
Tilda