ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көз ауруы миопия және жүйке жүйесі ауруларының алдын алу

Денсаулық
Миопия – көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Медициналық статистика мәліметтері бойынша мұндай ауруға жоғары сынып оқушыларының үштен бір бөлігі шалдығады.
Көзге артығымен күш салу: оқушының отыратын орнының дұрыс жабдықталмауы (жарықтың аздығы, жиһаздың дұрыс болмауы және т.б.); арқасының қисауы; дұрыс тамақтанбау; дәрумендердің жетіспеушілігі (әсірісе, кальцийдің, магний мен мырыштың);
Компьютер мониторы немесе теледидар алдында уақытты көп өткізу.
Аурудың алдын алу:
Бұл аурудың алдын алу үшін бірнеше жағдайға көңіл бөлу керек. Дамып келе жатқан алыстан көре алмаушылыққа немқұрайды қарауға болмайды, өйткені кейіннен бұл торқабықтың орталық бөлімдерінің бұзылуына және көру қабілетінің төмендеуіне ұшыратады. Сондықтан жылына екі рет офтальмолог дә-рігерге қаралу керек. Кітапты тек жақсы жарықтандырылған жерде үстел басында отырып оқу керек. Жатып немесе тамақтанып отырып оқуға болмайды. Теледидарды көп көруге болмайды. Бұған байланысты келесі кеңестер беріледі. 7 жасқа дейінгі балаларға теледидарды күніне 30-40 минут, одан жоғары жаста теледидарды күніне 1,5-3 сағат көруге рұқсат етуге болады. Екі жастан кіші балаларға теледидарды мүлдем көріп қажеті жоқ. Бала үйде немесе мектепте болсын, оның жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылуы тиіс, жақсы жарықтандыруды, дұрыс бағытталған жарықты орнату, көз белсенділігін дене белсенділігімен, қозғалысты демалыспен алмастыру, көз жаттығуларын жасау керек. Әлсіз аккомодация болған кезде 20-30 минут сабақ оқудан кейін көз гимнастикасын жасау керек.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
Уақытында дәрігерге қаралыңыз!
УМЕШОВА
Гулжан Амирешовна —
Шардара аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
Made on
Tilda