Жуырда Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында еркін күрестен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында төрт жылда бір рет өтетін Азия балалар ойындарына іріктеу турнирі өтті.
Еліміздің әр аймағынан жиналған, қызу дайындықпен келген, кіл мықты боз кілем шеберлері жиналған дүбірлі додада ауданымыздың намысын қорғауға біздің жерлестеріміз де қатысты.
Атап айтар болсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде екі бірдей палуандарымыз — Рысбай Әділет пен Бекмұратов Байбақ қарсыластарынан оза шауып, ақтық сында жолықты. Нәтижесінде жерлесіміз Бекмұратов Байбақ жерлесіне жол беріп, күміс алқаны қанағат тұтты. Ал, Рысбай Әділет алтыннан алқа тағынып, алдағы уақытта өтетін Азия балалар ойындарына жолдама алды.
Жеңіске жеткен спортшыларымызды құттықтай келе, Азия балалар ойындарында көк Туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқата беруін тілейміз!
Өз тілшімізден