Тарихы жүздеген жылдарға жеткен ұлттық ойынымыздың бірі – тоғызқұмалақ.
Интеллектуалдық ойындардың біріне айналып, бүгінгі таңда Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де үлкен қызығушылыққа ие. Осындай бай дәстүр мен ойын философиясын жалғастырып, жас буын өкілдері де ұлттық құндылықтарды насихаттап келеді. Оған облыстық және республикалық турнирлерде жүлделі орын алып жүрген жас спортшылардың жетістіктері дәлел.
Жуырда Бәйдібек ауданында тоғызқұмалақтың классика, блиц және рапид түрлерінен ерлер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа ауданымыздағы «Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубының» жат-тықтырушысы, спортшысы Аждурлиев Тұрар қатысып, тоғызқұмалақтың классика, блиц және рапид түрлерінен сайысқа түсіп, алтын алқаны қанжығалады. Сонымен қатар Аждурлиев Тұрар ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама ұтып алды.
Ол тоғызқұмалаққа 10 жасынан бастап қызығушылық танытып, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен. Мектеп жасында төрт жылдай бокспен айналысқан. «Әке көрген – оқ жонар, Шеше көрген – тон пішер» дегендей, оның өмірде де, спортта да алғашқы ұстазы – әкесі Аждурлиев Вали.
– Тоғызқұмалақ – тек ойын ғана емес, бұл менің ой-өрісімді дамытуыма және тез шешім қабылдауыма, сабырлы болуыма үйретті. Бұл ойын логикалық ойлау қабілетімен бірге ұлттық сананы, мәдениетті терең түсінуге үйретеді, – дейді жас чемпион.
Бұл жеңіске ол өзінің жылдар бойы жинаған тәжірбесімен, біліммен және табандылықпен қол жеткізді. Күн сайын кем дегенде 2-3 сағат уақытын шәкірттеріне тоғызқұмалақ үйретіп, өзі де шәкірттерімен бірге шыңдалу үстінде.
Ұстазы Окасова Ләззаттың айтуынша, «Ол тек спортшы ғана емес, сонымен бірге білікті жаттықтырушы. Тоғызқұмалақтан шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанып үлгерген. Жарыс барысында Тұрар барлық қарсыластарын жеңіп, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның страте-гиялық ойлауы, жылдам шешім қабылдауы, қарсыласының қадамдарын алдын ала болжау қабілеті жеңісінің кілті болды» дейді.
Спорт шеберлігіне үміткер Тұрар Валиұлының басты мақсаты – Қазақстанның атын әлемге таныту және ұлттық ойын арқылы еліміздің мәдениетін насихаттау.
Тоғызқұмалақ ойынын дамытуға осындай жас таланттардың қосып жатқан үлесі зор. Бұл тек ұлттық мұраны жаңғырту ғана емес, интеллектуалдық ойындар арқылы қазақ халқының рухани байлығын таныту деп білеміз.
Қорытындылай келе, үздіктердің қатарынан көрінген Аждурлиев Тұрар мен ұстазы Окасова Лаззатты жеңістерімен құттықтай келе, алдағы уақытта өтетін Республикалық чемпионатта жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ