Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер, саңырауқұлақтар, пара-зиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Алайда мұндай азықтың адам ағзасына түсуінен әрдайым ауру туындай бермейді. Кейбір адамдар оларға бекем болады, ал басқалары тез жұқтырып, қатты ауырады.
Тамақтан уланудың белгілері
Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып сана-лады. Кейде бұл белгілер бір-екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Тамақтан уланудың алдын алу жолдары:
1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.
2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
4. Азық-түлікті мұқият сақтаңыз.
5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
8. Ас үйді таза ұстаңыз.
9. Таза суды пайдаланыңыз.
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағам-дарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.
Ботулизм – құрамында токсині бар азық-түліктерді қолданғаннан шығатын жіті инфекциялық аурушаңдық. Ботулизмге себеп тағамның дұрыс жуылмауы, толық тазаланбауы, консервілеу кезінде жеткілікті түрде стерилденбеуі болып келеді. Үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақ, ет, балық және тауық өнімдерін қолдану тамақтан улану, оның ішінде ботулизмге әкелуі мүмкін.
Ботулизмнің белгілері:
Аурушаңдықтың алғашқы белгілері сапасыз тағамды қоданғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін не күннен кейін белгілі бола бастайды. Тағамның дәмі ащылау болады, түсі өзегерді, банканың қақпағы томпияды. Бұндай тағамдар өте қауіпті. Кей жағдайдарда тағамның түсі өзгермейді. Бұндайда қауіпті тағамды са-палысынан ажырату қиын. Ботулизм кезінде уланудың белгілері өте тез жүреді. Инкубациялық кезең сапасыз тағамды қолданғаннан кейін 2-6 сағат, кей жағдайдарда бірнеше күнге созылады. Адамның іші ауыра бастайды, іші өтеді (күніне 3-5 рет), дене қызуы 37-37,6°С, құсады. Науқасқа тез арада медициналық көмек көрсетпесе, ботулизм уы жүйке жүйесіне өтіп, адамдың бұлшық еттері сал болып қалуы мүмкін.
Егер, сіз тамақтанғаннан кейін, әсіресе саңырауқұлақты жегеннен кейін жоғарыда аталған белгілердің бір-екісі біліне бастаса, міндетті түрде тез арада жедел медициналық жәрдем шақыру қажет. Шұғыл әрекет етпеген жағдайда, бұлшықеттер сал болып, тыныс алу мүшелеріне әсер етіп, өлім жағдайына әкелуі мүмкін.
Ботулизмнің алдын алу:
-азық-түліктерді қолданар алдында, әсіресе консервілеу кезінде тазалап жуу керек;
-көкөністерді консевілеуде оларды әзірлеу ережесін сақтау қажет. Банка және қақпақтарды мұқият жуып, ыстық сумен шайқаған жөн;
-жеміс-жидектермен көкөністерді қайнап тұрған ыстық сумен шайқау керек;
-қолдану мерзімі өткен тағамдарды пайдаланбау керек;
-термикалық өңдеуге жарамайтын шұжық, қақталған балық т.б. -10°С сақтау қажет;
-қақпағы томпайған консерві банкасы жеуге жарамсыз болады;
-жеке бас гигиенасын сақтау керек.
Салауатты өмір – сапалы тамақтан екенін ескеріңіз!
УМЕШОВА Гулжан Амирешовна – Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы