Бүгінгі таңда әлемдік білім беру жүйесінде техникалық және инженерлік бағыттағы білімге ерекше мән берілуде. Соның ішінде оқушылардың ақпараттық технологиялар мен шығармашылық дағдыларын дамытуда робототехника үйірмесінің маңызы зор.
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беретін мектебінде «Робоәлем» үйірмесі ашылып, табысты жұмыс жасауда. Үйірме жетекшісі Сайман Гульнур Сейтмуратқызы. Үйірмеге мектептің 5-7 сынып аралығындағы оқушылары белсене қатысуда. Үйірме жұмысы барысында оқушылар LEGO Education SPIKE Prime конструкторларымен роботтар құрастыру, Meta horizon виртуалды көзілдіріктердің мүмкіндігімен, arduino жиынтығымен жұмыс жасауды және 3 D принтер арқылы бұйымдарды шығаруды үйренуде. Оқушылар бұл үйірмеде тек роботтарды құрастырып қана қоймай, оларды түрлі тапсырмалар орындауға бағдарлайды, бағдарламалау тілдерінің негіздерін меңгереді.
Робототехника үйірмесі оқушыларға не береді?
Инженерлік ойлау қабілетін дамытады;
Scratch және Python арқылы бағдарламалауға үйретеді;
Сенсорлар мен моторларды басқаруды меңгертеді;
Жеке және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады;
Жаңа технологияларға қызығушылықты арттырады.
Виртуалды шындық (VR) – Meta VR-көзілдіріктерді пайдалана отырып, оқушылар виртуалды ортада ғылыми модельдерді көріп, интерактивті түрде тәжірибе жасай алады. Бұл – білім алуды қызықты әрі әсерлі етеді.
3D модельдеу және басып шығару – оқушылар FlashPrint 3 принтері арқылы бағдарламаларда үш өлшемді нысандарды жобалап, оларды 3D-принтер арқылы нақты заттарға айналдырады.
Arduino микроконтроллерлерін үйрену – бұл бағытта оқушылар жарықтандыру, дыбыс, қозғалыс, температура, су деңгейі сияқты түрлі датчиктермен жұмыс жасап, нақты автоматтандырылған құрылғылар жасайды.
Оқушылар робот жасау процесінде кедергілерден шығу жолдарын үйреніп, өз жобаларын қорғау арқылы жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін де дамытады. Бұл үйірме – тек техника ғана емес, шығармашылық пен логиканы ұштастыратын ерекше алаң.
“Болашақ – ғылым мен техниканың қолында” десек, сол болашаққа нық қадамды робототехникамен бастау – әр оқушы үшін үлкен мүмкіндік.
Робототехника үйірмесі – бұл оқушыларды техникалық шығармашылыққа баулитын, инженерлік және бағдарламалау негіздерін меңгеруге бағытталған қосымша білім беру курсы. «Робоәлем» үйірмесінде оқу-шылар роботтарды құрастыру, оларды бағдарламалау және түрлі міндеттерді шешу арқылы практикалық дағдыларды дамытып келеді.
Үйірме жұмысы арқылы оқушылар жаратылыстану-ғылыми бағыттағы информатика пәні бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология ма-мандықтарын таңдауына ықпал етеді.
Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану оқушының түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға үйренеді.
Қорытындылай келе, робототехника оқушыларға тек робот жасауды емес, заманауи технологиялық әлемге бейімделуді, критикалық және жүйелі ойлауды, және жауапкершілікпен жұмыс істеуді үйретеді. "Робоәлем" – бұл жай үйірме емес, бұл – болашаққа жасалған сенімді қадам. Осындай бастамалар арқылы біз жастарымызды тек білімді ғана емес, өз ойы бар, технология тілін меңгерген бәсекеге қабілетті ұрпақ етіп тәрбиелейміз.
САЙМАН Гульнур Сейтмуратқызы,
№12 жалпы білім беретін мектебінде "Робоәлем" үйірмесінің жетекшісі.