ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ғаламтордан уағыз тыңдаудың қауіптілігі

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Зайырлы Түркістан қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін жетілдіруге арналған семинар-кеңеске аудандық білім бөліміне қарасты орта білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих пәнінің мұғалімдері, қала, ауыл әкімі ап-паратының дін саласына жауапты мамандары, АТТ мүшелеріне «Діни экстремизм, терроризмнің алдын алу», «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі» тақырыбында кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.Тағай, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Нұрахов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Сариев және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін жетілдіруге арналған семинар-кеңестің мақсатын түсіндіріп:
–Экстремистік және террористік ұйымдар ғаламтор желісін қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған топтар болып табылады. Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына ілінуі әбден мүмкін. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Жастардың рухани және діни сауатты болуы - кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны дау-сыз. Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетуінің ең алғашқы, басты себебі - діни білімсіздіктен туындайды, – деді.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі А.Тағай: «Жастардың рухани және діни сауатты болуы - кезек күттірмес мәселелердің бірі. Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ға-ламтордан іздейтіндігі белгілі. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының дә-лелі» деді.
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» дайындаған слайд парақшаларына жеке-жеке тоқталып, деструктивті діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырды. Қазақстан аумағында уағыздарын тыңдауға, бөлісіп таратуға, пікір қалдырып, жүктеп алуға тиым салынған шетелдік араб тілді, өзбек тілді, қазақ тілді уағызшыларды атап, уағыздарын тыңдауға рұқсат етілген ҚМДБ-ның уағызшыларын, РАНТ мүшелерін таныстырып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев семинар-кеңесті қорытындылап, «Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, ра-дикалды діни идеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет. Жастардың ғаламторға тәуелділігін жою, оларды шынайы өмірге араластыру үшін олармен көбірек қарым-қатынас жасап, қоғамдық пайдалы еңбекке, қызығушылығы бойынша мәдени, спорттық іс-шараларға тарту керек» деді. Семинар-кеңес соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы осындай кездесу аудан көлеміндегі имамдармен де өткізіліп, көтеріліп отырған мәселелер жан-жақты кеңінен түсіндірілді.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ.
Made on
Tilda