Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талға-майды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді
Қант диабетінің негізгі симптомдары үнемі сусап тұру (полидипсия)кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия) үнемі шаршаулы сезіну (полифагия) қол-аяқтың үйып, жансыздануы үнемі қарын аштығынан арылмау салмақ азаюы. Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары терінің қышуы, көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей») жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы, естен тану (қысылтаяң жағдайларда). Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. 40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дұрыс жолға қою арқылы емдеуге болады.
Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәні зор
АЛИМБАЙ Ж.С.–Шардара аудандық орталық емхананың аймақтық мейіргері