Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын вирустар тобына жатады. Кейбір түрлері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз болса, басқалары онкологиялық процестердің дамуын қоздыруы мүмкін. АПВ – сыртқы жыныс мүшелерінің ең көп таралған және агрессивті ауруларының бірі. Бұл вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның, қынаптың, сондай-ақ жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуына себеп болуы мүмкін.
АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтіп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл вирусты жұқтырған кезде пайда болатын аурулар мыналар:
Жыныс сүйелдерінің пайда болуы;
Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы;
Ісік процестерінің басталуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы.
Көптеген адамдар аурудың клиникалық белгілері байқалмайтын патоген тасымалдаушысы бола алады. Сондай-ақ, адам өмірінде АПВ-ны бірнеше рет жұқтыруы мүмкін, өйткені бұл инфекцияға қарсы иммунитет әрдайым қалыптаса бермейді. Әдетте, аурудың алғашқы белгілері қоздырғыш факторлардың әсерінен кейін пайда болады.
АПВ-ның алдын алу:
Жыныстық серіктестікте тұрақтылық сақтау. Бір тұрақты жыныстық серіктес болуы жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғаудың тиімді жолдарының бірі.
Тосқауыл контрацепциясын қолдану. Оны қолдану инфекция жұқтыру қаупін төмендеткенімен, 100% қорғау мүмкін емес, өйткені вирус зақымдалған тері арқылы да жұғуы мүмкін.
Мерзімді профилактикалық тексерулер. Әсіресе қыздардың тұрақты түрде гинекологиялық тексеруден өтуі маңызды. Бұл аурудың алғашқы белгілерін ерте анықтауға және уақытында ем бастауға көмектеседі.
Вакцинация. Бұл – АПВ-ның алдын алудың ең тиімді әрі ыңғайлы әдісі. Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалады. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны қатерлі ісігінің даму қаупін 90%-дан астам төмендетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы егу жоспарланып отыр.
Серікбаева Улбике Шеризодақызы–
Шардара аудандық емханасының аймақтық мейіргері