Конго-Қырым геморрагиялық қызба (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соғу ықти-малдылығы жоғары. Конго–Қырым геморрагиялық қызба ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғышын таратушы – кенелер. Ауру сәуір-қазан айлары аралығында жиі тіркеледі. Кенелер, басым көпшілігінде, далалық жерден ауыл шаруашылық малдары арқылы үй ауласына кіреді. Кенелер үйге гүл шоғымен де, иттің жүніне ілесіп те келуі мүмкін. Олар адамның киімінің астына байқатпай кіріп, денесіне қадалып алған кезде мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кенені келесі күні немесе тіпті одан да кеш байқайды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі клиникалық белгілері:
Аурудың алғашқы белгілері: науқастың дене қызуының кенеттен 39-40°C дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іштің ауыруы немесе өтуімен басталады. Ауру әрі қарай дамыған жағдайда бел мен дененің жоғарғы бөлігінде қан кернеуі байқалады, денеде бөртпелер пайда болады, мұрыннан, қызыл иектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілері анық байқалады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соғуы әбден мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:
Табиғи ошақтар аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қоражайлары мен үй-жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру қажет. Ауыл шаруашылық малдарды бағып-күту және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасудан сақтану мақсатында тұр-ғындар жеке қорғаныс үшін арнайы киім киюлері қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резеңке қолғап). Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті, жақсы қорғалған, резеңкелі манжеті бар жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңізге және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) қасыңыздағы адамдардан қарап беруін сұрап, үстіңізді мұқият бақылап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын, кенелерді үркітетін сақтану құралдарын (репелленттер) қолдануға кеңес береміз.
Кене шаққан немесе кенемен жанасу жағдайларында міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн бойы медициналық бақылауда болуыңыз қажет.
Ы. САТБЕКОВА - Шардара аудандық емханасының аймақтық мейірбикесі