ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРАЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ТАШКЕНТТЕ ТОП ЖАРДЫ

Спорт
Жуырда Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында қыздар арасында волейболдан «TASHKENT OPEN CUP U18» халықаралық ашық турнирі өтті. Бұл дүбірлі додада Шардара ауданының намысын қорғаған «Шардара» командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, ешбір қарсыласына мүмкіндік бермей, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.
Шебер ойындары арқылы аймақ мерейін үстем еткен волейболшы қыздарымызды және олардың білікті жаттықтырушысы Рахматулла Ермекті бұл жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы додаларда да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне шын жүрек-тен тілектестігімізді білдіреміз.

«Шаратарап–Шарайна» ақпарат
Made on
Tilda