Асау Сыр бұғатталып, құм жиегіне Қызылқұм каналы салынып, оның бойында күріш егуге ыңғайластырылған ондаған совхоздардың ашылғанына да елу жылдан асып қалыпты. Кезінде күріш салысын өндіруден аты шығып, аты мен даңқы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесінде аталып өткен «Қазақстан», «Комсомол» совхозы диқандарының еселі еңбек жетістіктерін әлі ұмыта қойған жоқпыз.
Дегенмен халық қайта құру кезеңін бастарынан өткеріп, кейіннен Одақ тарап, еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл совхоздардың жері халыққа пайлық үлес ретінде бөлініп беріліп, әркім өзінше тірлік жасауға кірісті. Біреуі бұрынғысынша күріш ексе, екіншісі мақталыққа айналдырды. Оған да біреудің белсеніп кіріссе, келесісінің шамасы келмеді. Техника да біреуінде болса, екіншісінде болмады. Ауыспалы егіс жүргізілмеді. Өткен отыз жыл көлемінде көптеген жер егістікке пайдаланылудан шығып қалды.
Бұл жөнінде көп есітіп жүрген шардаралық Мұхтар Құттыбайұлы көптен сол жерлерді қайта іске қосуға қалай үлесімді қоссам деген ойда жүрді. Көптеген диқандармен, агрономдармен ой бөлісті. Жерді қалпына келтіру үшін атқарылатын жұмыстармен танысты. Білікті деген мамандарды алып барып пайдаланудан шығып қалған жерлерді көрсеткенінде 2-3 гектардан шекке бөлінген жерлерге күріш салысын егу арқылы сордан, арам шөптен тазартуға болатынын, келешекте ауыспалы егіс жасау арқылы жердің құнарлылығын арттырып, мол өнім алуға болатынын білді.
Қазақта «Көз қорқақ – қол батыр», «Шешінген судан тайынбас» деген емес пе? Мұхтар Құттыбайұлы биыл белін буып өз ойын жүзеге асыру мақсатында іске кірісіп кетті.
500 гектар жердің шөбін тазартып, терең айдап, тегістеуден өткізіп, күріштің өнімді мол беретін «Лазер – Наурызбай» сортын екті. Өз уақытында талапқа сай егілген тұқым біркелкі өніп шықты. Жазымен қажетті агротехникалық шаралар атқарылды. Тыңайтқыштар беріліп арам шөптен тазартылды. Нәтижесінде бітік өнім өсіруге қол жеткізді.
Мұхтар Құттыбайұлы өзі маңдай терімен өндірген салысын басқа жаққа алып бармай, өз күшімен ақтап, күрішін алу қажеттігін де түсінді. Осы мақсатта Қытай технологиясымен жасалған, тәулігіне 60 тонна күріш салысын ақтауға қуаттылығы бар завод құрылысын да бастап жіберді. Заводтың қасынан тәулігіне 80 тонна күріш салысын кептіретін орын да салды. Жиырмаға жуық адамды жұмыспен қамтыды. Мақсаты алдағы кезде өзге шаруашылықтардың да алып келген салысын ақтап, күрішін айырып бермек.
Қазіргі кезде өсірілген өнімді күзгі жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу қарқынды жүргізілуде. Өнімділік гектарына 70-80 центнерден айналуда. Күріш оратын үш қытайлық комбайнның жинаған салысы бір техникамен үздіксіз күріш зауытының кептіру орнына, одан зауытқа жеткізілуде. Дайындалған өнім ауданымыздан бөлек республикамыздың әр өңіріне жөнелтіліп, саудаланбақ.
– Отыз жыл көлемінде мақта егіліп, үздіксіз ауыспалы егіс жүргізілмеген жерлердің құнарлылығы төмендеп, көптеген жерлер пайдаланудан шығып қалды. Енді ол жерлердің сорын шайып, құнарлылығын арттырудың бір жолы күріш егу. Екі жыл күріш егілген жерге қандай егін ексең де бітік болып өседі. Сондықтан шығыны көп, пайдасы аз мақта өсіруден күріш өсіруге көшу керек деп есептеймін. Баптай білгенге жер жомарт. Мол өнім алу өз қолымызда – дейді Мұхтар Құттыбайұлы.
Жалпы айтқанда ауданда Сабыровтар әулетінің өзіндік орны бар. Олар әр салада абыройлы жұмыстар атқаруда. Құттыбай – ішкі істер бөлімінде жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Құттыгүл – журналист. Қарлығаш – дәрігер, Шалқар – ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған.
Мұхтар Құттыбайұлы қаладағы №1 Мұхтар Әуезов атындағы білім беретін мектепті бітірген. Біраз уақыт мал шаруашылығымен айналысқан. Ал, соңғы он-он бес жылда егін шаруашылығымен айналысуда. Ал, биыл егістік көлемін арттырып, жаңа қарқынмен жұмыс жасауда. Қарамағындағы күріштіктен 3500 тонна күріш салысын өндіруді жоспарлап отыр. Күріштің әр масағындағы дәнді санап көрген Мұхтардың меже биігін бағындыратынына сенімі мол.
«Қазақта шаруа он жылда, диқан бір жылда» деген бар. Сонымен қатар диқандарда «Шөжені күзде санаймыз» деген де бар. Тағы сәл күнде күзгі орақ орымы бітіп, нәтижесі белгілі болмақ.
Ауданда күріш шаруашылығын өркендетуге өзіндік үлесін қосуды мақсат еткен Мұхтарға алда жетістіктеріңіз мол бола берсін дейміз.
Жаңабай
ӘЛІҚҰЛҰЛЫ