ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жемқорлықпен күрес – азаматтардың борышы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономиканың дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына қауіп төдіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білулері тиіс және онымен күрес жалғасын таба бермек.

С.СУЛЕЙМЕН–
Шардара ауданы бойынша
МКБ бас маманы
Made on
Tilda