Мамандық таңдау – материалдық қажеттілік қана емес, моральдық мол табыс. Көңіл сүйген жұмыс арқылы саналы ғұмырымызды сәулелендіруге болады. Бастапқы дұрыс таңдау арқылы сүйікті ісіңнің қиындығына қажымай, майталман маман атану – тағдыр сыйы. Демек, күнделікті бетпе-бет келетін мамандығымыз – өмірдің өзегі. Оқушыларға осыны дер кезінде ұқтыра білу, ізашар жол көрсету – бүгіннің басты талабы.
«Сырдария» ЖББ мектебінде кәсіптің кілтін табуға тырысқан мазмұнды сабақтар өтті. Тәжірибелі ұстаз, 4 «а» сыныбының жетекшісі Нұрабекова Ақнұр шәкірттерін «Мамандықтар әлемінің» қыр-сырына үңілдірді. Нұрабекова Ақнұр ашық сабақта қай дәуірде де қоғамдағы қызметі қалтқысыз болған дәстүрлі мамандар мен заман талабынан, технология жетілуінен сұраныс артқан заманауи кәсіп иелері туралы терең түсіндіре алды. Оқушылар бір-бір маман иесі атанып, сол қызметтің құндылықтары мен қажетті қырларын сахналық эпизод, ойын үлгілері мен тапсырмалар шеңберінде талдап, алғырлық танытты. Білім алушылар үшін ІТ, робототехника мен адам қиялын ұштайтын ChatGPT мүмкіндіктерін меңгерген мамандардың ісі тың жаңалық, базалық ілім болды. Нұрабекова Ақнұр сабақ барысында оқушылардың жеке қарым-қабілеті мен қызығушылықтарын саралап, сараптай келе олардың гуманитарлық-технологиялық саланың қайсысына бейім екенін бағдарлап, нұсқау кеңестерін ортаға салды. «Мамандықтар әлемінің» жаңа есігін ашқан талапты ұстаз шәкірттерінің талантты маман болып қалыптасуында бүгінгі сабақтың мән-маңызы айрықша болатынына сенеміз!
Кәсіп көкжиегін ашу бағытындағы арнайы сабақ легін 1 «а» сынып жетекшісі, жас, дарынды ұстаз Жолдасова Айнұр «Мамандықтар қалашығы» сабағымен жалғады. Сынып іші тақырыпқа сай безендіріліп, оқушылардың көңілін бұрып, ынтасын ашты. Белсенді оқушылар дәрігер, полиция, аспаз, ұстаз, өнер адамдарының рөлін сомдап, мамандар атқаратын адал қызметтермен танысты. Осылайша, жас мұғалім оқушыларға мамандық таңдау сырын, мән-маңызын рөлдік ойын әдісі арқылы анық аңғартты. Жолдасова Айнұр ашық сабақ барысында шәкірттерінің тақырып аясындағы түсінігін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер шеңберінде шыңдай білді. Олардың жас ерекшеліктері ескеріліп, 1 сынып ой-қалыбына сай ақпарат үздік үйлесіммен өрбіді. Сабаққа жаппай сынып үйіріле қатысып, жаңа білімді асқан ықыласпен қабылдауы ұстамды ұстаздың ұтқыр қадамы екенін айғақтады.
Қоғамда әр мамандықтың орны ерекше. Сол қоғамның кірпіші тұзу қаланып, қабырғасы берік бекуі үшін әр кәсіп иесі өз ісін сүйіп, адал атқаруы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай астарлы ойды меңзеп, 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп белгілегені мәлім. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру арқылы жас толқынға барлық мамандықтың маңызын түйсіндіретін талпынысқа ұстаздар да әрқашан үн қосуы тиіс деп санаймыз.
БЕКТАСОВА Бақтыгүл Айдарханқызы -
"Сырдария" ЖББМ директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары