ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Хабарландыру

Денсаулық
Аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларын алдын алуға арналған көктемгі залалсыздандыру жұмыстары, Түркістан облысы ветеринария басқармасы бекіткен кестеге сәйкес, 2025 жылы 01 сәуір – 15 маусым аралығы өтеді.

Осы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында тұрғындар өз қора-жайлары мен жапсарлас аумақтарын қи мен күл-қоқыстан тазартып, жүргізілген өңдеу жұмыстары барысында мал бастары мен қора аумақтарының толық дәрілеуіне үй иелерінің өздері бақылауға алу қажеттігін еске саламыз.

Механикалық тазаланбаған қора-жайларда дезинсекция жұмыстары өз деңгейінде сапалы жүрмегендіктен, залалсыздандырылмайтынын ескертеміз.

Ауа райының күрт өзгеруі туындаған жағдайда залалсыздандыру кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал.

Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Бал арамен айналысатын қожалықтарға өндеу жұмыстары жүріп жатқан аймақтан алшақ ұстауға кеңес береміз.

ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК

Шардара ауданы филиалы
Made on
Tilda