Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде аудан бойынша орналасқан мешіт имамдарымен «Деструктивті діни ағымдардың зардабы», - тақырыбында семинар-тренинге аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап халқымыз осы уақытқа дейін имам Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келді. Бұл олардың бірлікте болуына, адасып, түрлі жат ағымның жетегінде кетпеуіне басты себеп болды. Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі - діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Сондықтан әсіресе, жастар, жалпы ел мұсылмандары ешбір топтың жетегіне ермей, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының пәтуасына жүгініп, дәрістерінен рухани азық алайық деп сөзін қорытындылады.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады деп сөзін аяқтады.