Ұстаз ғибраты – ұрпаққа өнеге!
Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген өміршең ой айтқанын қалай ұмытарсың! Бұл сөз қазақ қоғамындағы ұстаздың орнын анықтап тұр. Білім жолына жетелеген аяулы ұстаздардың ұстазы Сыпатай Жанысбек Төлегенұлын үлгі ететін едік. Сол тұстағы оқушыларға тұрмыстық тіл дәрежесінен аса алмай отырған қазақ тілінің заңдылықтарын үйретіп, қазақ әдебиетінің бай мұрасымен таныстырған да – осы кісі. Елімізде еңбекпен есейген, саналы ғұмырын еңбек жолына арнаған жандар баршылық. Халқымыз ежелден жас ұрпақты аянбай еңбек етуге баулып келеді. Қарапайым халықтан шығып, өзінің табан ақы, маңдай терімен еңбек етіп, биікке көтерілген азаматтардың бәрі де – жастарға үлгі. Ұстаздық қай заманда да аса қадірлі, қасиеті жоғары мамандық. Ұстаздың алдынан барлық мамандық иелері білім алады. Ұстазға қарап жас ұрпақ бой түзеп, болашаққа бағыт алады. Осындай ұстаздардың бірі Жанысбек Төлегенұлы бүгінгі таңда С.Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары болып абыроймен еңбек етуде.
Ол мектепті бітірген соң, қазіргі Алатау батыр ауылдық округіндегі "Жылжымалы механикалық колоннада" құрылысшы болып жұмыс істеді. Араға бірнеше жыл салып әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын бітіріп шығады. Алғаш еңбек жолын Арыс ауданына қарасты «Байырқұм» ауылдық округіндегі мектепте мұғалім болып бастайды. Онда бір жыл жұмыс істеп, Алатау батыр ауылдық округіндегі С.Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектепке ауысады. Осында қарапайым мұғалімнен, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, қазіргі таңда директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып, мектепте білім сапасын арттыруға мол үлес қосып келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде игілікті істері мен ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістерінің арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқан білгір ұстаз көптеген жетістіктерге жетіп "Алғыс хаттармен" марапатталды.
«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» дейді халық даналығы. Тәуелсіз еліміздің нығаюы жолында ерен еңбек еткен, осындай азаматтарды тәрбиелеп, өмір бәйгесіне қосқан ұстаздың сүбелі еңбегі көпке үлгі. Шәкірттерінің ақылшысы әрі қамқоршысы бола жүріп, қысылғанда арқа тұтқан шынайы жарқын бейнесі үшін ауыл азаматтарының да құрметіне ие болды. Отбасында, мектеп жүйесінде жүргенде арғы тарихтан, ғасырлар қойнауынан сыр толғайтын. Халық әдебиеті нұсқаларынан бастап, Қорқыт, әл-Фараби, Қ.Ясауи, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Шоқан Уәлихан, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлынан бермен қарай жүйелеп айтқанда, қазақ руханиятының қайнарларын шәкірт жүрегіне құя білді. Ұстаздықпен қатар ауылдың ұйытқысы, ұрпақ тәрбиешісі, салт-дәстүрдің қайнар көзі де бола білген жан. Ауыл тұрғындарының бірлік-берекесінен бастап, тұрмысы мен тірлігін жарастырған ұстаз ұлттық дәстүр, тәлім-тәрбиенің де қазына қайнары, сарқылмас бұлағы сынды.
Сан жылдар бойғы еңбек ескерусіз емес, атап өтер болсақ, «НұрОтан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбековтің «Алғыс хатымен», Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың «Алғыс хатымен», «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
Ұстаз бен шәкірт – егіз ұғым. Оқушы мектепте кем дегенде бір мұғалімді өзіне үлгі тұтып, сол ұстазына ұқсағысы келеді емес пе?
Жанысбек Төлегенұлының шәкірттері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп келеді.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ