ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ілесов Қыстау Інайұлы – Шардара ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

Осында қатысушылар, баршаңызды «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ауданымызда ашылып отырғанымен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Біздің қазақ болып қалыптасып қалуымыз үшін жастарымыздың бойына сіңіретін қасиеттердің бірі – ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлі дініміз, ислам дінінің бағыты оның ханафи масһабы, сонымен қатар салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды қалпына келтіру» деген болатын. Сонымен қатар Абайдың «Ғылым таппай мақтанба...» деп келетін өлеңіндегі «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз» деген, сол бес дұшпанға тағы да бір бес кеселдің қосылғанын айтқанын білесіздер. Зорлық-зомбылық, лудомания, вандализм дегендей. Сондықтан осы мәселелермен күресуде мына бүгінгі іс-шараның орны бөлек болып тұр. Филиал төрайымы болған Бибігүл Тасқұлқызы ауданда өзіндік орны бар азаматша. Мемлекеттік қызметте абырой жинап, аудан халқына өз ісімен таныс болған оның қоғамдық жұмыста да белсенділік көрсетіп, қазақы салт-дәстүрімізді жаңғыртуға атсалысатындығына сенемін.
Бүгінгі филиалдың ашылу салтанатына келушілердің бәрінің қазақы киіммен, екшемен келуі, қолөнер көрмелерінің қойылуы, соның өзі Бибігүлдің ұйымдастыру қабілетінің қай деңгейде екендігін көрсетіп тұр. Жұмысына сәттілік тілеп, абыройы бұрынғыдан да арта берсін деймін.
Made on
Tilda