«Ер есімі – ел есінде» деген халқымызда жақсы сөз бар. Сламидин Әбілдәұлы 1912 жылы Мақтаарал өңірінде дүниеге келген. Өзінің ержеткен шағынан бастап, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, Ұлы Отан соғысы басталған кезде отыз жасқа аяқ басқан Сламидин 1942 жылдың шілдесінде ағасы Сақпен бірге Отан қорғауға аттанады. Ауылда аң аулауға машықтанған байсалды жігіт 300-ші атқыштар дивизиясында сержант шенінде жас Отан қорғаушыларға басшылық жасай жүріп, 1943 жылдың 9 ақпанында ерлікпен қаза табады. Бірақ қайтыс болғандығы туралы елге қаралы хабар келмеген.
Әскерге бірге барған ағасы елге оралған соң бауыры Сламидиннен бір хабар білсем деп іздеу салғанымен нәтиже болмай іздеуді жалғастыруды баласы Орынбасарға аманаттайды. Дегенмен хабар таппай қартайған шағында «Әкемнің өтінішін орындай алмадым. Бір хабар болмауы мүмкін емес. Әкем одан бір хабар табылатынына сенімді болған еді. Сен соны іздеп тап» деп баласы Артықбайға аманаттап өмірден өтеді.
Артықбай Орынбасарұлы әкесінің аманатын орындау мақсатында Қазақстанның, Ресейдің Қорғаныс министрліктеріне, елшіліктеріне хат жазды. Арада біраз уақыт өткенде атасы Сламидиннің ерлікпен қайтыс болып, Ресейдің Ростов облысы Октябрь ауданы, Бессергенев поселкесіндегі «Бауырластар зиратына» жерленгені жөнінде хабар алды.
Сламидиннің қабірін іздеп шыққан Артықбайды Бессергенев поселкелік кеңесінің әкімі А.М.Гудков өзі күтіп алып «Бауырластар зиратына» ертіп барады. Сол жерде Артықбай атасының рухына құран оқып, ауылдан атасы Сақтың жерленген жерінен алып барған топырақты Сламидиннің қабірінің қасына қояды. Сламидин жерленген жердің топырағын елге алып келіп, атасы Сақтың қасына қойып, басына Рамазан айының айт намазында құлпытас тұрғызып, әке аманатын орындайды.
«Тұңғыш Президент саябағындағы» Сламидин Әбілдәұлының есімі жазылған тақтаның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, «Алғи ата» қауымдастығының төрағасы Тағабай Сүлевтер өз сөздерінде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестердің отансүйгіштіктерін жастардың бойына сіңіру қажеттігін айтып, Артықбайдың табандылықпен атқарған ісіне ризашылықтарын білдірді.
Өз кезегінде Артықбай Орынбасарұлы Бессергенев поселкесінің әкімі А.М.Гудковтың «Уважаемый Карсыбаев Арман! Сообщаем Вам, что сержант Абдуллаев Ислам (Сламидин) героически захватчиком и был захоронен в братской могиле по адресу: Ростовская область, Октябрьский район, станица Бессергеневская. Память о нем увековечена на мемориальной плите памятника Павшим Героям в годы Великой Отечественной Войны (1941-1945 гг)» деген хаты мен естелік лентасын аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлына табыс етті.
Бұдан кейін Артықбай Орынбасарұлының демеушілігімен орталық стадионда Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 300-ші атқыштар дивизиясының бөлімше командирі, сержант Сламидин Әбілдәұлын еске алу мақсатында 2012 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы кіші футболдан өткізілетін облыстық турнирдің ашылу салтанаты болды. Жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеген Бейсенбай Тасболатұлы аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хатын Артықбай Орынбасарұлына табыстап, иығына шапан жапты.
Тартысты өткен бәсекеде жарысқа қатысқан, 11 команда арасында «Қоссейіт» командасы бірінші, «Жетісай спорт» командасы екінші, «Мақтаарал» командасы үшінші, «Мырзакент» командасы төртінші орындарды иеленіп, кубокпен, медалдармен және қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Сол сияқты спортшылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік жартылай қорғаушы» номинацияларына ие болды.
Еске алу шарасы аясында «Нұр-Банкет» мейрамханасында дастархан жайылып, Сламидиннің өмірдерегі мен жерленген жерлерінен түсірілген бейнебаян көрсетіліп, зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары естеліктер айтып, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Асылхан Данияров пен Ұзын ата ауылдық мешітінің имамы Байжан Ермекбаев Сламидин Әбілдәұлының рухына құран оқыды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ