Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Мұхтар Әуезов
Отбасындағы ұл мен қыз тәрбиесі
Ынтымақ бар жерде тәрбие бар, ынтымақ бар жерде береке мен бірлік бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Отан жанұядан құралмақ. Бүгінгі таңда ата-аналар бар білімін, ілімін, күш-жігерін игі іске, яғни бала тәрбиесіне жұмсауда. Отбасында сыйластық, бірлік ынтымақ болмаса, тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Баланың тәрбиелі болуы тікелей отбасына байланысты. Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» - деп бекер айтылмаса керек. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді, ана тілінде сөйлейді. Сондықтан бүгінгі қыздарымызды және ұлдарымызды тәрбиелеу ананың және әкенің міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, ата-аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Баланың жақсысы – туған-туысқанның, ата-ананың, жалпы қоғамның абыройы мен мақтанышы, ал тіл алмайтын, айтқаныңа көнбейтін бала – қайғы-қасірет. Баланы тәрбиелеу үрдісінде табысқа жету үшін әрбір тәрбиелеуші адамның ең алдымен өзінің тәрбиелі болғаны абзал. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтін мәні мен мағынасы осында. Халқымызда «Бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат» деген дана сөз бар. Шынында да солай. Балаларға оқылатын кітап мейлі өлең-жыр, не қара сөз болсын, адамның ойына қозғау салатындай, рухын шыңдайтындай, үміт пен жігерді жинайтындай болғаны абзал. Сонда ғана ерік-жігері күшті, ақыл-ойы түзу ұрпақ өсіп шығады. Бүгінгі бозбала – ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы.
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ...» деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.
Қорыта келе, әр азамат ұрпақ тәрбиесін үлкен жауапкершілікке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу – қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулу, тәрбиелеу.