Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы қарсаңында соғысқа қатысқанымен осы кезге дейін есімдері немесе қай жерде қызмет еткені белгісіз болып келген адамдар іздестірілудің нәтижесінде анықталып, олардың есімдері аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент саябағында» салынған соғысқа қатысушылардың әскери даңқ мемориалының тақтасына жазылуда.
Жақында Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, подполковник Е.Жұмановтың ұсынысымен Қызылқұм өңірінен ҰОС аттанғандығы және Шардара өңірін игеруге қатысқандығы анықталған 15 ардагердің есімі жазылатын болды.
Олардың қатарында 1897 жылы туылып, 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына қайта шақырылған Байзақ Жұманов та бар.
Ұлы Отан соғысына дейін Киров ауданының «Баранбаз» фермасында аға шопан болып қой баққан Байзақ соғыста елімізді жаудан азат ету жолында Берлинге дейін барып, елге Жеңіспен оралып, кейіннен Киров ауданының Мақталы совхозында мақта өсірумен айналысып, 1970 жылы жаңадан ашылған Комсомол күріш совхозына қоныс аударып, 1975 жылы өмірден өтті. Жұбайы Қыздаркүл 16 құрсақ көтергенімен олардан Құрманхан, Торлан, Сатан есімді үш ұл-қыздары әке өсиетін жалғастырып, бақытты ғұмыр кешуде.
Жеңіс мерекесі қарсаңында елімізді азат етуге қатысып, оқ пен от ортасында ерлік жасаған Байзақтай аталарымыздың ерліктері мен еңбектері кейінгі толқын-жастарымызға үлгі бола берсін дейміз.
Райхан АМАНЖОЛҚЫЗЫ