Кітап – білімнің қайнар көзі, ақылдың шамшырағы. Балаларды кітап оқуға баулу – олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады. Осы мақсатта Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Қызылқұм» жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 28 қаңтарында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оларды білімге баулу болды.
Семинарға 25 мектептің кітапханашылары мен 80-ге жуық оқушы қатысты. Жиын виртуалды кітап көрмесін тамашалаудан басталды. «Кітап оқығандыкі – Білім тоқығандыкі» тақырыбындағы көрме оқушыларға қызықты кітаптармен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Тынысы жаңа кітаптар» бөлімінде мектеп кітапханашысы Ж.Әбишева оқырмандарға жаңа кітаптар топтамасын ұсынып, олардың мазмұны мен құндылығына библиографиялық шолу жасады.
Семинар барысында балалардың белсенділігін арттыратын ерекше жобалар таныстырылды. Бастауыш сынып мұғалімі А.Байтуғанова «Белсенді оқырман» ретінде 2-сынып оқушысы Еркеназ Балабектің облыстық «Зерде» балалар ғылыми жобасын таныстырды. Жас зерттеушінің кітапқа деген қызығушылығы, ізденімпаздығы балаларға үлгі боларлықтай әсер қалдырды.
2025 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқуға ұсынылған авторлар да шарада кеңінен таныстырылды. Проза жанрында – көрнекті жазушы, ақын, сыншы әрі аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары ұсынылса, поэзия жанрында – әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің туындылары таңдалды. Биыл Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойы атап өтілетінін ескерген мектеп кітапханашысы Ж.Әбишева оқушылармен бірге осы екі талантты тұлғаның шығармашылығын кеңінен талқылап, олардың әдеби мұрасына терең үңілді.
Әдеби өлкетану сабақтарында туған өлкеміздің ақын-жазушылары да ұмыт қалмады. «Туған өлкем қаламгерлері» атты әдеби сабақта оқушылар жергілікті ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, олардың шығармаларының маңызын жан-жақты талқылады. Бұл шара жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, әдебиетке деген қызығушылығын оятты.
Сонымен қатар, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Шотанова А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіне сюжеттік-композициялық талдау жасады. Ол ұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіріп, шығармадағы кейіпкерлер бейнесін контекстік әдіспен талдады. Ал мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Сәрсенбаева «Кітап – тренд, Білім – бренд» тақырыбында ерекше оқыту әдісін қолданды. Ол Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын математикалық тәсіл арқылы талдап, ұлттық құндылықтардың, ата-әже тәрбиесінің маңызын оқушыларға жан-жақты түсіндіріп берді.
Семинардың тағы бір жарқын сәті – «Біздің мақтанышымыз» атты әдеби-сазды кеш болды. Бұл кеш Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, публицист, тіл күрескері Қазыбек Исаға арналды. Оқушылар ақынның жырларын мәнерлеп оқып, оның әндерін орындап, шығармашылығын тереңнен танып білді.
Семинар өз деңгейінде жоғары дәрежеде өтті. Қатысқан кітапханашылар көптеген жаңа әдістермен танысып, оларды өз тәжірибелерінде қолданатындарын атап өтті. Мұндай шаралар балаларды кітап оқуға баулудың тиімді жолдарының бірі екені сөзсіз. Кітап оқу – тек білім алудың ғана емес, рухани кемелденудің, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңірудің де негізгі жолы. Сондықтан осындай игі бастамалар жалғасын таба бермек.
Т.МАГИТОВА–
Аудандық білім бөлімінің кітапхана қорының әдіскері