ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көлікті аулада ұзақ қыздыратындарға айыппұл салынады

Енді көлігін дұрыс емес жерде ұзақ уақыт қыздырып тұратын жүргізушілерге айыппұл салынады. Тіпті тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан көп қыздыруға болмайды.
Заң маманы ретінде қандай жағдайларда көліктерді ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынатынын және жаңа көліктерге қанша уақыт қажет екенін түсіндіріп өткенді жөн көрдім.
Көлікті енді тек белгіленген жерлерде ұзақ қыздыруға болады. Жол ережесі бойынша көлікті жол жиегінде жылытуға болатынын, тек оның ешкімге кедергі келтірмеуі керектігін ескерген жөн. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұру айыппұл төлеуге әкеп соғады. Жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. ҚР Әкі-мшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу") - бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал бір жылда екінші рет тағы қайталанса 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қажет болады. Полицейлердің аулада көлік қыздырған жүргізушілерге қолданған жазалары жайлы статистика да бар. Ол деректердің барлығы көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған деп тіркеледі.
Аулада немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық болып табылады. Көлік бригадасы көбіне тұрғындар өтінішімен келген сәтте әдетте жүргізуші болмайды.
Сондай-ақ автокөлік мамандарының айтуынша жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автокөлік үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Көлікті ұзақ қыздыру тек отын шығынын және зиян заттардың шығарындысын арттырады. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек, содан кейін көлікті басқаруға болады. Рас, бұл кем дегенде 15 минут оталып тұруы қажет дизельді автокөліктерге қатысты емес.
Елімізде жол қозғалысы ере-желері тек жылдамдықты шектеумен ғана емес, экологияға деген әсерімен де өлшеніп отыр. Сондықтан экологияны сақтап қорашаған ортаға пайдамыз орасан көп болса игі!

СЫДЫҚОВ ТұрарЗаңгер
Made on
Tilda