Биылғы жыл ауыл шаруашылығы диқандары үшін қолайлы болып келді. Соның нәтижесінде ауданда 600 гектарға көкөніс, 250 гектарға картоп, 6550 гектарға бақша, 3256 гектарға жүгері, 11070 гектарға мақта, 5458 гектарға күріш және 50 гектарға күнбағыс егілді.
Бұл жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында шаруалар қажетті 1054 тонна жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтамасыз етілді.
Егілген өскіннен мол өнім алу оған дер кезінде агротехникалық шараларды атқарумен де байланысты. Қопсыту, суару шараларымен қатар минералды тыңайтқыштарды мерзімінде беру де маңызды. Осы мақсатта ауданға қажетті 14248,4 тонна минералды тыңайтқыштың 8264,0 тоннасы тасымалданып, тарқатылды.
«Кең дала» бағдарламасы бойынша дала жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында «Ырыс» МКҰ мен «Оңтүстік» АИО арқылы 397 шаруаға 2125 миллион теңге несие қаржы берілген.
Жалпы алғанда биыл ауылшаруашылығы диқандарының мол өнім алып, аудан көрсеткішін жоғарылатуларына толық мүмкіндік жасалынған.
Райхан АМАНЖОЛҚЫЗЫ