Көк түріктен көктеген көк тулы Қазақ Елінде - Көшпенділер олимпиадасы басталды!
2024-09-16 11:57
Керемет! Дүниежүзілік көшпенділер олимпиадасы көк түріктік рух – қазақтың ұлттық рухын көтеріп кетті! Ғұндар мен сақтардан, көк түріктер мен Алтын Орда, Қазақ хандығынан, Аттила, Күлтегін-Тоныкөк, Шыңғыс хан-Жошы хандардан тартып, Қазақ Елінің Көк туы көкте желбіреуіне дейінгі күшті көріністер рух тербеді! Қалың халықтың рухтанып, дүр сілкінгенін көргенде осындай дүбірлі шаралардың маңызы зор екеніне көзің жетеді! Көшпенділер ойыны – көшпенділердің қарашаңы-рағы Қазақ Еліне – Ұлы дала төсіне жетті! Көк түріктен көктеген көк тулы Қазақ Елінде – Көшпенділер олимпиадасы басталды! Елімізге Жеңіс туын көтерер Ақ жол тілейміз! Қазыбек Иса– ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты