ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көк түріктен көктеген көк тулы Қазақ Елінде - Көшпенділер олимпиадасы басталды!

Керемет! Дүниежүзілік көшпенділер олимпиадасы көк түріктік рух – қазақтың ұлттық рухын көтеріп кетті!
Ғұндар мен сақтардан, көк түріктер мен Алтын Орда, Қазақ хандығынан, Аттила, Күлтегін-Тоныкөк, Шыңғыс хан-Жошы хандардан тартып, Қазақ Елінің Көк туы көкте желбіреуіне дейінгі күшті көріністер рух тербеді!
Қалың халықтың рухтанып, дүр сілкінгенін көргенде осындай дүбірлі шаралардың маңызы зор екеніне көзің жетеді!
Көшпенділер ойыны – көшпенділердің қарашаңы-рағы Қазақ Еліне – Ұлы дала төсіне жетті!
Көк түріктен көктеген көк тулы Қазақ Елінде – Көшпенділер олимпиадасы басталды!
Елімізге Жеңіс туын көтерер Ақ жол тілейміз!
Қазыбек Иса–
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Made on
Tilda