«Lesson study"– мұғалімдердің бірлесіп сабақ жоспарлап, өткізіп және талдап, оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған зертеу әдісі. Бұл тәсіл Жапонияда 1870 жылдары тәжірибені жақсарту мақсатында пайда болып, кейін әлемнің көптеген елдерінде қолданыла бастады. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр.
«Lesson Study»-ді зертеуін бірлесе жоспарлап өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобымен «Фокус группамен» таныстырды. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.
Lesson Study тәсілінің мәні мен маңызы
Бұл тәсіл келесі кезеңдерден тұрады:
1. Жоспарлау (Planning) – мұғалімдер зерттеуге алынатын сабақты жоспарлайды.
2. Сабақты өткізу (Teaching & Observing) – жоспар бойынша сабақ жүргізіліп, басқа мұғалімдер оқушылардың іс-әрекетін бақылайды.
3. Талдау және рефлексия (Reflecting & Revising) – сабақ нәтижелері талданып, оқыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылады.
Білім алушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған және алған білімін өмірде пайдалана алатын дағдылар қалыптастыру мақсатында Шардара қаласындағы №2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектепте 2023-2024 оқу жылында 3 «Ә» сынып оқушыларына негізгі пәндерден тыс вариативті сабақ «Математика өмірде» тақырыбы таңдалып алынды. Зерттеу тобы құрылып, сабақ жоспары жасалды, сынып жетекшісі педагог-зерттеуші Т.Акбердиеваға әдістемелік – тәжірибелік қолдау көрсетіліп, бірнеше сабақтар өткізілді, талдау жүргізілді.
2024 -2025 оқу жылында осы (қазіргі таңда 4 «Ә» сынып) білім алушыларымен "Lesson stady"зерттеу әрекеті жалғастырылып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткізілген сабақ барысы, пайдаланылған әдіс-тәсілдер талданып, рефлексия жасалып, хаттама түзілді. Сол алынған сыныптың екі жылдық білім сапасы көрсетілді. Осы сыныпқа беретін пән мұғалімдерінің, фокус топтың мүшелері бірлесе отырып жасаған жұмыс нәтижесінде сыныптың біршама білім сапасында ілгерілеушілік байқалды.
Сабақ аяқталғаннан кейін мұғалімдер жиналып, бақылау нәтижелерін талқылайды. Олар оқыту әдістерін жақсартып, келесі сабақтарды тиімді ету жолдарын қарастырады.
А.Ж.МАМРАЙМОВА –
№2 Ж. Жабаев атындағы бастауыш мектептің ЕББҚ ресурс орталығының кабинет меңгерушісі