Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мақтаарал аудандық байланыс шекара басқармасының Шардара шекара бөлімінің әскери қызметкерлерімен «Діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев, Мақтаарал аудандық байланыс шекара басқармасының Шардара шекара бөлімі бастығының орынбасары Ш.Арынов қатысты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов: Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі - діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Оның ішінде діни сауат ашуды қалаған адам немесе көкейіндегі сұрағына жауап алғысы келген кісі діни мағлұматты интернет желілеріндегі белгісіз тұлғалардан емес, мешіт имамдарынан сұрағаны, бекітілген ұстаздардан үйренгені дұрыс екендігі жан-жақты түсіндірілді.Ата - бабамыздың сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінін жоққа шығару, салтымыз бен ғұрпымызды мойындамау - жат ағым өкілдерінің бойында кездесетін жағымсыз әдет. Олар салт - дәстүрімізді бидғат деп танитынын айтты.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы - осының дәлелі деп сөзін қорытындылады.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің теолог маманы Е.Сариев: Интернет желісінде, әлеуметтік желілерде, жалпы діни ақпарат алуда сезімге бой бермей, ақпараттың көзінің дұрыстығына көз жеткізе білетін азаматтарды тәрбиелеу. Қазақ халқының менталитетін, мәдениеті мен дәстүрін білмегендіктері олардың тез радикалдануларына әсер етеді. Қазақ жастарының бірінші міндеті - Қазақстан республикасын мәңгі сақтау және қорғау болып табылады. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі деп сөзін қорытындылады.