Мен Қоссейіт ауылында туып өстім. Осындағы «Сырдария» жалпы білім беру мектебін үздік бітіргенімнен соң Шымкент қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, саясат тану кафедрасында «Әлеумет танушы» мамандығын алдым. Алғашқы еңбек жолымды Қоссейіт ауыл әкімшілігі аппаратында әлеуметтік қызметкер болып бастап, соңғы он жылдан астам мерзімде өзім білім алып, түлеп ұшқан «Сырдария» жалпы білім беретін мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарып келемін.
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 1-4 бастауыш сыныптарының 288 оқушысы толық ыстық тамақпен қамтылып отыр. Сол сияқты атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған отбасылардың, толық емес отбасылардың 27 оқушысы да осы қамқорлықты пайдалануда.
«Балаларға мейірім жасайық» акциясына қатысқан 4 кәсіпкердің демеушілігімен оқушыларға киім мен оқу құралдары алып беріліп, ауылдан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты 2 оқушыны киіммен қамтыды. Сол сияқты мектептің түлектері мен мектеп ұстаздары да демеушілік танытты. 2 оқушы аудан әкімінің шыршасына қатысып, көптеген оқушымыз жазда лагерлерде демалды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша мемлекеттік бюджеттен 16 оқушы қаржылай көмек алып, мектеп формасын алды.
Мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы Түгелқос Жанықұловпен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын әркез бақылап, тиісті көмектер беріп келеміз.
Сарыбаев Асылбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ —
«Сырдария» ЖББМ әлеуметтік сала педагогы