ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Шардара ауданы) жеке құрам полицейлерімен «Діни радикализмнің алдын алу», - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы және Түркістан облысы МКҚБММ 3 ПБ (Шардара ауданы) жеке құрам полицейлерімен «Діни радикализмнің алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шымкент қаласының және Түркістан облысының ТжКЖБ аға инспектор психологы полиция подполковнигі Н.Сабаев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шымкент қаласы және Түркістан облысы МКҚБММ 3 ПБ (Шардара ауданы) бастығы Н.Ибрагим, взвод командирі полиция аға лейтенанты А. Доскараев қатысты.

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығын айтып өтті.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Терроризм экстремизмнің соңғы формасы ретінде радикалды негізден туындайды, бірақ оның ескертулері жүзеге аспауы мүмкін болғандықтан, радикалды механизмдерден оны жақтаушылармен жүзеге асырылып қойған, тек қана зорлық әдістерінің түрін таңдау ғана қалады. Жастарды радикализмге, экстремизмге және терроризмге тарту үдерісін зерттеуші мамандар радикализм экстремизмге қарағанда ең алдымен идеяның мазмұнды екінші кезекте оны жүзеге асыру әдістері туралы біртұтас пікір білдіруде. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы - осының дәлелі деп сөзін қорытындылады.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda