ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жалпыға бірдей декларациялау

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын 2 миллионнан астам жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декла-рациясын (250.00-нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсынды.
Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды.
Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер бойынша салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді.
Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет.
Мұндай салық төлеушілерге банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру түріндегі шаралар қолданылады. (Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).
Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet. salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «E-Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

ТИЛЕГЕНОВА Гаухар – Шардара аудандық
МКБ бас маманы
Made on
Tilda